"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС Ұңғымаларды кешенді зерттеу басқармасының жетекші инженері (уақытша)

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
145

   Конкурс туралы
Талаптар
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары
Талап етілетін біліктілік
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) Жоғары кәсіби білім Лауазымның тиісті бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы.
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі Кемінде 5 жыл, оның ішінде лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе тиісті салаларда бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады.
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі жоқ
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
Қазақ тілін білу;
Геохимия және аналитикалық әдістер саласында терең білімнің болуы (оның ішінде жалпы және көмірсутектердің органикалық геохимиясы, изотоптық геохимия, зертханалық әдістер, геохимиялық процестердің термодинамикасы мен кинетикасы, сондай-ақ аналитикалық әдістемелерді валидациялау және сапаны бақылау);
Мұнай-газ кен орындарының геологиясы мен игеру негіздерін білу;
Ұңғымаларды геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу әдістерінің негіздерін білу;
Сабақтас бағыттар бойынша білімнің болуы: қабат флюидтерінің PVT зерттеулері (мұнай, газ және олардың компоненттерінің физикалық-химиялық қасиеттері), петрофизикалық зерттеулер (кернді талдау);
ГХЗ (геохимиялық зерттеулер) саласындағы қолданыстағы рәсімдерді жетілдіру үшін жаңа әдістер мен технологияларды білу және қолдану;
Мұнайдың геохимиялық фингерпринтингі саласында білімнің болуы;
Кешенді геохимиялық талдау және PVT қасиеттерін модельдеуге арналған мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді білу (PVTsim, Malcom, OpenLab);
Флюидтердің PVT зерттеу нәтижелерін және композициялық модельдеу нәтижелерін қолдану және пайдалану бойынша білімнің болуы;
Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білу;
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Товарищество қызметіне қатысты қаулыларды, бұйрықтарды және өкімдерді білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Техникалық есептерді, қорытындылар мен рецензияларды әзірлеу және дайындау;
- Зертханалармен, мердігерлермен, жер қойнауын пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасау;
- ГХЗ саласындағы қолданыстағы рәсімдерді жетілдіру мақсатында жаңа халықаралық әдістер мен технологияларды өз бетінше зерделеу, енгізу және қолдану қабілеті;
- Геохимиялық шешімдерге сараптама жүргізу, сондай-ақ геохимия (органикалық және бейорганикалық), оның ішінде көмірсутектер, қабат сулары, тау жыныстары және газ - геохимиясы салаларында жаңа ғылыми тәсілдер мен әдістемелерді іздеу және енгізу дағдылары;
- Шығармашылық ойлау және мәселелерді дәстүрлі емес жолдармен шешу дағдылары;
Жұмысты орындауға қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету және цифрлық құралдармен жұмыс істеу, сондай-ақ жаңа бағдарламаларды меңгеру дағдылары;
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жүйелеу және талдау, есепке алу мен құжаттаманы жүргізу дағдылары;
Ғылыми мақалалар жазу және оларды жариялау дағдылары;
Келіссөздер жүргізу, презентациялар жасау, іскерлік қарым-қатынас және ресми хат алмасу дағдылары.
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:
Орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға бағытталған геохимиялық талдаудың және оның нәтижелерін интерпретациялаудың жаңа және жетілдірілген әдістемелерін жобалауға, оңтайландыруға және енгізуге қатысады;
Геохимиялық зерттеулер нәтижелері бойынша қорытындылар дайындауға қатысады;
Зертханалық талдауларды жүргізу және зертханалардан алынған деректердің сапасын бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
ГКЗ/ЦКР хаттамалық ұсынымдарын ескере отырып, ГХЗ қамтитын зерттеу жұмыстарының бағдарламасын әзірлейді және өзектендіреді;
Зертханалық талдауларды сүйемелдеуді жүзеге асырады, оның ішінде аналитикалық аспаптардың ақаулықтарын диагностикалауға және жоюға қатысады, сондай-ақ орындалатын рәсімдердің дұрыстығын бақылайды;
Ұңғымалық және петрофизикалық деректерді қабат пен флюидтер бойынша біріктіру арқылы геохимиялық деректерді интерпретациялауды жүзеге асырады және ұңғымаларды зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізеді;
Геохимиялық зерттеулер саласындағы жаңа технологиялардың, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерінің қолданылу критерийлерін талдайды және оларды енгізуге қатысады;
Геохимиялық зерттеулер жүргізу кезінде әдістеменің, технологияның сақталуына және деректердің дұрыс алынуына бақылау жүргізеді;
ГХЗ деректерін жоспарлау сапасына және интерпретация нәтижелерінің сапасына бағалау жүргізеді;
ЕТҰ кен орындары бойынша геохимия және мұнайлық фингерпринтинг деректер базасын әзірлеу және жүйелеу жұмыстарын жүргізеді;
Қолданыстағы рәсімдер мен әдістемелерді жетілдіру мақсатында озық халықаралық тәжірибе мен практикаларды қоса алғанда, геохимиялық зерттеу әдістерін зерделейді және кәсіби біліммен алмасуды жүзеге асырады;
Резервуарлық геохимияға арналған мұнайлық фингерпринтинг әдістемесін әзірлейді;
Геохимиялық зерттеулер жүргізу кезінде бекітілген әдістемелер мен технологиялардың сақталуына, сондай-ақ алынатын деректердің дұрыстығына бақылау жасайды;
Геохимиялық критерийлер мен деректердің логикалық талдауы негізінде геологиялық барлау шешімдерін негіздеуге қатысады;
Еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен өзіне жүктелген міндеттерді орындайды;
Өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды;
Бөлімшенің қызметіне және қызметкердің жұмыс мазмұнына қатысты тікелей басшының өзге де тапсырмаларын орындайды;
Осы нұсқаулықта көрсетілген уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін алмастырады.
Ерекше шарттар: *
жоқ
Ескерту: **
жоқ

Анықтама:
* Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі және бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат.
** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы және т. б.)

Қажетті білім дәрежесі

  • Магистр