«ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС кеңсе тобының менеджері (14 грейд)
- Құрылған күні:
-
13.07.2026
- Берілген өтінім:
- 78
- Қаралған саны:
- 437
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Іс жүргізуге байланысты шығыстарды (пошта қызметтері, бланкілер, мөрлер) жоспарлайды.
- «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС Басқарма төрағасының (Бас директордың) төрағалығымен өткізілетін апта сайынғы аппараттық кеңестерді ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.
- «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС Басқарма төрағасының (Бас директордың) хаттамалық тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылайды.
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының хаттамалық тапсырмаларының уақтылы орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді.
- Бақылаудағы құжаттарды орындау мерзімдері туралы еске салу анықтамаларын, қызметтік жазбаларды дайындап, оларды Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарына жолдайды, сондай-ақ құжаттардың орындалу барысын реттеуді, олардың белгіленген мерзімде орындалуы мен ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады.
- Кеңсе тобының қызметі туралы есептер мен ақпараттарды ұсынады.
- Құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік ететін мәселелер бойынша құжатталған ақпаратты құжаттарда белгіленген мерзімдерде ұсынады.
- Кеңсе тобының жергілікті нормативтік актілерін әзірлеуге және өзектендіруге қатысады.
- Электрондық құжат айналымы жүйесінде (ЭҚАЖ) орындау карточкаларының дұрыс толтырылуын, оларды есепке алуды, бақылаудан алуды және орындау мерзімдерінің ұзартылуын тексереді.
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС фирмалық бланкілерінің (хаттар, бұйрықтар, өкімдер) пайдаланылуы туралы есептерді дайындайды және тапсырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Құжаттау және құжаттамалық қамтамасыз ету; Мұрағаттану; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Маркетинг; Журналистика; Филология; Әлеуметтану; саясаттану; Әлеуметтік жұмыс; Құқықтану; Халықаралық қатынастар; Аударма ісі; Қоғаммен байланыс және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр