Құрылысты бақылау техникалық бақылау бөлімінің жетекші инженері, Құрылыс басқармасы
Міндеттері:
-
1) адал және жауапкершілікпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, лауазымдық нұсқаулыққа, «АЖК» АҚ Төрағасы және өзге де басшылардың актілеріне сәйкес сапалы, уақтылы және нәтижелі орындау;
2) «АЖК» АҚ Саясатын, Мақсаттарын, Бағдарламаларын, сондай-ақ ОТКС Мақсаттарын білу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
3) «АЖК» АҚ құжаттамасының талаптарын орындау, ОТКС қызметіне және ОТКС жетекші инженері функцияларына сәйкес келу;
4) «АЖК» АҚ қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және «АЖК» АҚ құжаттамасына сәйкес өзге де нормалар мен ережелерді сақтау;
5) «АЖК» АҚ мүлкін және мүліктік мүдделерін ұрлаудан, жойылудан, бүлінуден және басқа да қолайсыз әсерлерден қорғау үшін барлық шараларды қабылдау;
6) ОТКС жетекші инженері еңбек міндеттерін орындауына байланысты оған белгілі болған «АЖК» АҚ қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етпеу;
7) «АЖК» АҚ аумағынан тікелей басшының рұқсатынсыз оған тиесілі ешқандай құжаттарды, іскерлік қағаздарды шығармау, ал мүлік пен өзге де заттарды – Қауіпсіздік басқармасының бастығының рұқсатынсыз шығармау;
8) еңбек өнімділігін арттыру, кәсіби деңгейі мен біліктілігін еңбек міндеттерін нәтижелі орындау үшін көтеру.
Талаптар:
- Жоғары техникалық (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы.
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс аптасы, 08.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін 8 сағаттық жұмыс күні; түскі асқа үзіліс – 1 сағ, 12.00 сағаттан 13.00 сағатқа дейін.
Қажетті қабілеттер
- __Autocad, Microsoft Word, Microsoft Windows XP, Microsoft Office, Microsoft Excel, Outlook Office
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар