«KEGOC» АҚ «Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалының Ақадыр аумақтық электр тораптарының инженері

200000 - 220000 KZT
«KEGOC» АҚ Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
1010

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • электр желісі шаруашылығы объектілерін жөндеу, профилактикалық пайдалану жұмыстары және ТҚК бойынша орындалған жұмыстардың актілерін жасау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
  • жөндеу және профилактикалық пайдалану жұмыстарын жүргізу үшін материалдардың жиынтық айлық өтінімін жасайды;
  • селекторлық және өндірістік кеңестер өткізуге материалдар дайындау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
  • БМЖ енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
  • АЭТ іс қағаздарын жүргізеді, іске құжаттарды тігумен айналысады;
  • НҚ есептен шығару бойынша құжаттарды дайындайды, ресімдейді және қол қояды;
  • АЭТ ҚС жабдықтарын жөндеу жоспарлары мен ЖПЖ жасау үшін материалдарды дайындайды және Филиалға ұсынады;
  • жөндеу жоспарларын және ЖПЖ қамтамасыз ету үшін материалдық ресурстардың қажеттілігін есептейді және оны ОЖЭТФ-ке ұсынады;
  • ОЖЭТФ бекіткен жабдықтарды жөндеу жоспарлары мен кестелерінің, ағымдағы жылдың басқа жоспарлары мен іс-шараларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
  • бағдарламаларды, нұсқаулықтарды және басқа да техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;
  • орындалатын жұмыс бойынша келіп түскен құжаттама мен хат-хабарды қабылдайды және тіркейді, оның сақталуын қамтамасыз етеді, құжаттардың өтуін есепке алады, сондай-ақ іс жүргізумен аяқталған құжаттарды техникалық ресімдеуді жүзеге асырады;
  • Филиалға авариялық қорды материалдармен және қосалқы бөлшектермен жинақтауға өтінімдер беруді жүзеге асырады;
  • ОЖЭТФ және «KEGOC» АҚ пайдалану үшін қабылданған бағдарламаларда ААЭТ ИТҚ-дан келіп түсетін қолданыстағы стандарттарға, мәтіндік және графикалық техникалық құжаттамаға сәйкес теру және түзету жөніндегі жұмыстарды орындайды;
  • АЭТ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар мен өкімдер және қызметтік жазбалар дайындау бойынша жұмысты жүргізеді;
  • құжаттарға сәйкес ЕҚ және ӨҚ бойынша ТМҚ қоймасына қабылдайды;
  • қабылдау кезінде құжаттарға ТМҚ мен қаптамасының саны, сапасы сәйкестігін тексереді (кодпен);
  • тауарды сақтау ережелері талап еткендей, материалдық құндылықтарды қоймада стеллаждарда, қатарларда, ілінген түрде сақтайды;
  • тауарға атауы, түгендеу нөмірі (коды) бар бирканы уақтылы бекітеді;
  • тауардың әрбір атауы бойынша есепке алу карточкаларын жүргізеді;
  • бекітілген нормалар бойынша арнайы киімді, арнайы аяқ киімді есепке алудың жеке карточкаларын жүргізеді;
  • қойма үй-жайлары мен мүкәммалды жарамды күйде ұстауға, тәртіп сақтауға міндетті;
  • жоғары тұрған ұйымнан комиссия құрамында ТМҚ түгендеуді кезең-кезеңімен жүргізеді;
  • ТМҚ сақталатын қоймалар мен үй-жайларға бөгде адамдарды жібермеу;
  • үй-жайларда бөгде адамдардың қалмағанын, аспаптардың өшірілгенін тексеру (жұмыс күні аяқталғаннан кейін);
  • қойма үй-жайларын күзетке өткізу және ауысым басында қабылдау;
  • Филиалдың қызметкерлермен жұмыс жөніндегі тобына белгіленген мерзімде АЭТ қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жасайды;
  • Филиалдың жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелеріне ұсына отырып, АЭТ персоналын іссапарға жіберуге өтінім жасайды;
  • іссапарға шығатын және іссапардан келетін ААЭТ қызметкерлерін тіркеуді, сондай-ақ АЭТ-ке іссапарға келетін адамдарды тіркеуді жүргізеді;
  • SAP ERP жүйесінде ТОРО тапсырыстарындағы, ММ модуліндегі материалдарды есептен шығару, іссапарларға өтінімдер енгізу, НСМ модулінде табель қалыптастыру бойынша жұмыстарды орындайды;
  • АЭТ басшылығының тапсырмаларын орындайды.

Талаптар:

  • Білім деңгейі - орта техникалық, жоғары білім;
  • Білім бейіні - инженерлік-экономикалық, техникалық-экономикалық;
  • Қажетті тәжірибе – талап етілмейді.

Шарттар:

  • Жұмыс орнына уақтылы келу шартымен Ақадыр кентінде немесе жақын елді мекенде тұру міндетті.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)