Қазынашылық және корпоративтік қаржы департаментінің төлемдерді әкімшілендіру жөніндегі бас маманы (уақытша бос орын)
Лауазымдық міндеттері:
1) ERP жүйесінде бекітілген шот-фактураларға, өтінімдерге, өкімдерге сәйкес төлемдер тізілімін жасайды және басшылыққа қол қоюға ұсынады;
2) басшылық ERP жүйесінде төлем тізіліміне қол қойғаннан кейін төлем жасауға төлемақыны қалыптастырады;
3) Атқарушы дирекцияның филиалдары мен төлемдерін орталықтандырылған қаржыландыруды жүзеге асыру үшін құжаттардың дұрыс ресімделуін тексереді;
4) өтінімдерді орындау, ақы төлеуге ақпарат беру бойынша барлық құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
5) Басшылыққа және Жүйелік қызметтер департаментіне Компанияның шоттарына тұтынушылардан ақша қаражатының түсуі бойынша әр күні 11:00-ге дейін ақпарат ұсынады;
6) ҚР Ұлттық Банкі бойынша валюта бағамын ERP жүйесіне күн сайын жүктейді;
7) «KEGOC» АҚ филиалдарымен «KEGOC» АҚ басшылығынан тапсырма бойынша ақпаратты уақтылы жинау және жинақтау бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
8) ақша позициясының мөлшері туралы ақпаратты жинау және ұсыну процесін, ақша позициясын енгізу және талдау нысандарын, уақытша бос ақша қаражатын орналастыруды, конверсиялық операцияларды, банктермен өзара қарым-қатынасты (банктік қызмет көрсетуге арналған тарифтерді реттеу), IASK қазынашылықтың ақпараттық талдау жүйесіне бас компания мен еншілес ұйымдардың есептерін қалыптастыруды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне сыртқы экономикалық операциялар бойынша есептіліктің статистикалық нысанын - «Бейрезиденттерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» - 1ТБ қалыптастырады (есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын);
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сыртқы экономикалық операциялары бойынша есептіліктің статистикалық нысанын - «Бейрезиденттерден алынған (бейрезиденттерге ұсынылған) көлік қызметтері туралы есеп» - 2 ТБ ұсынады (есепті кезеңнен кейінгі бірінші айдың 30-күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын);
11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сыртқы экономикалық операциялар бойынша есептеменің статистикалық нысаны – «Бейрезиденттермен халықаралық операциялар туралы есеп» -10 ТБ ұсынады (есепті кезеңнен кейінгі бірінші айдың 30-күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын);
12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне «Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу жөніндегі есеп» сыртқы экономикалық операциялар бойынша есептеменің статистикалық нысанын ұсынады - (есепті кезеңнен кейінгі бірінші айдың 10-күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын);
13) «ФАСТИ» қауіпсіз көлік жүйесі және «ИАСК» жүйесіндегі SWIFT каналы арқылы ҚРҰБ ҚБЕО арнасы бойынша алынған банктердің Компания бойынша өткен жұмыс күні (немесе өзге кезең) бойынша ағымдағы операциялық күн басталғанға дейін Қордың талап етілетін форматтарында банктік үзінді көшірмелер беруін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
14) «ФАСТИ» қауіпсіз көлік жүйесі және «ИАСК» жүйесіндегі SWIFT каналы арқылы ҚРҰБ ҚБЕО каналы бойынша алынған Қордың сұратуы бойынша Қордың талап етілетін нысандарындағы Компания бойынша түзетілген банктік үзінді көшірмелерін беруін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
15) «ФАСТИ» қауіпсіз көлік жүйесі және «ИАСК» жүйесіндегі SWIFT каналы арқылы ҚРҰБ ҚБЕО каналы бойынша алу үшін компания мен банктер арасында банктердің компанияға Қордың жүйесіне банктік үзінді көшірмелер беруін қамтамасыз ету жөнінде тиісті келісімдер жасасуды жүзеге асырады;
16) Бас компанияның БЖ жүйесіне ақша позициясының мөлшері туралы ақпарат жинауды және ұсынуды жүзеге асырады;
17) «ИАСК» жүйесінде төлем күнтізбесінің баптары бойынша болжам жинау нысандарын дұрыс автоматты түрде жүктеу мәніне барлық банк шоттары бойынша үзінді көшірмені күнделікті бақылауды жүзеге асырады;
18) «ФАСТИ» Қауіпсіз көлік жүйесі және «ИАСК» жүйесіндегі SWIFT каналы арқылы ҚРҰБ ҚБЕО каналы бойынша алынған әр банктік шот бойынша банктік үзінді көшірмелерін күн сайынғы негізде бақылауды жүзеге асырады;
19) уақытша бос ақша қаражатын орналастыру жөніндегі ақпаратты «ИАСК» жүйесіне енгізеді;
20) «ИАСК» жүйесінде уақытша бос ақша қаражатын есепке алуды жүзеге асырады;
21) «ИАСК» жүйесіне валюта айырбастау бойынша ақпаратты енгізеді.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылары, білімі және тәжірибесі:
- Қаржы және банк жүйесіндегі теориялық және практикалық жұмыс дағдылары;
- Ішкі құжаттарында белгіленген «KEGOC» АҚ қаржы-экономикалық блогы қызметкерлерінің негізгі және арнайы құзыреттерінің деңгейлері болуы тиіс;
- Ақша қаражаты мен қаржы құралдарын есепке алу қағидаттарын білу;
- Қазынашылық және корпоративтік қаржы қызметін реттейтін ҚР заңнамалық актілерін білу;
- Төлем жүйелерінің, банк операцияларының, қаржы құралдарының жұмыс істеу принциптерін білу;
- Қаржылық және бухгалтерлік есептің базалық білімі, ХҚЕС;
- Қаржы-кредиттік институттарымен жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Зейінділік, ұқыптылық, жауапкершілік, нақтылық, стресске төзімділік;
- Кәсіпқойлық (ұждандылық, объективтілік және кәсіби этиканың басқа да қағидаттарын қатаң ұстану).
Талаптар:
- Экономика / қаржы бағыты бойынша жоғары білім;
- Корпоративтік қаржы, қазынашылық және/немесе банк саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
- MS Оffice, бағыты бойынша ERP тәжірибелі пайдаланушысы;
- Қазақ, орыс тілдерін білу.
Бос лауазым 12.03.2025ж. қоса алғанда жүктілік бойынша демалыстағы қызметкердің орнын алмастыру кезеңіне уақытша болып табылады.
Түйіндеме 2022 жылдың 16 маусымына дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Қажетті қабілеттер
- SAP ERP
- платежи
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)