«KEGOC» АҚ "Шығыс ЖЭТ" филиалы Орталық АЭТ РҚменАА өндірістік тобының РҚА инженері (Жұмыс орны: Ақтоғай станциясы, Аягөз ауданы Абай облысы)
Міндеттері:
- 500 кВ "Ақтоғай" ҚС релелік қорғау және автоматика (бұдан әрі-РҚА) құрылғыларын пайдалану, баптау және ағымдағы қызмет көрсету бойынша жұмыстарды дербес жүргізеді;
- РҚА-ның атқарушы схемаларын жасайды, қажетті өзгерістерді уақтылы енгізеді;- "Ақтоғай" 500 кВ ҚС кезекші персоналына арналған РҚА құрылғыларын пайдалану бойынша нұсқаулықтар жасайды және оларды уақтылы түзетеді;
- бекітілген кестеге сәйкес тексеру үшін РҚА құрылғыларын жұмыстан шығаруға және құрылғыларды жұмысқа енгізуге өтінімдерді уақтылы береді;- 500 кВ "Ақтоғай" ҚС жұмыстар жүргізетін жөндеу ұйымдарының өкілдерінен РҚА құрылғыларын қабылдауға қатысады;
- реле мен екінші реттік тізбектердің басқа аппаратурасын жөндеуге және РҚА құрылғыларын қайта жаңарту бойынша жөндеуге қатысады;
- 500 кВ "Ақтоғай" ҚС РҚА құрылғыларының дұрыс жұмыс істемеу жағдайларын тергеуге қатысады;
- реттеуден және тексеруден кейін РҚА құрылғыларын жұмысқа енгізу мүмкіндігі туралы қорытынды береді;
- РҚА құрылғыларын тексеру және сынау бойынша типтік және арнайы бағдарламалар жасайды;
- 500 кВ "Ақтоғай" ҚС реттеу және басқа да коммутациялық аппаратураның жағдайын бақылайды;
- РҚА құрылғыларындағы операциялар бөлігінде күрделі ауыстырып қосудың үлгілік бланкілерінің дұрыс жасалуын тексереді;
- РҚА құрылғыларында жұмыс жүргізуге наряд-рұқсаттардың, өкімдердің дұрыс берілуін бақылайды;
- үнемі техникалық деңгейін арттырады;
- 500 кВ "Ақтоғай" ҚС бастығы, РҚжЭҚ еңбеккерлерінің жеке тапсырмаларын орындайды;
Талаптар:
|
Білім деңгейі |
Жоғары немесе орта кәсіптік (техникалық) білім |
|
Білім бейіні |
Энергетикалық немесе техникалық білім |
|
Жұмыс тәжірибесі (бейіні) |
Орта кәсіптік (техникалық) білімі бар мамандардың лауазымдарында жұмыс жасағандар |
|
Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз немесе орта кәсіптік (техникалық) білімімен лауазымда 3 жыл
|
|
Басшы лауазымындағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
- Жоқ |
|
Міндеттерді орындауға қажетті дағдылар |
· Электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ топтан төмен емес тобының бар болуы; · Қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты мен құрылысы; · бастапқы қосылыстар, өз мұқтаждарының желілері, жедел ток және электромагнитті бұғаттау схемалары; · релелік қорғау мен автоматиканың мақсаты және әрекет ету аймақтары; · телемеханика құрылғыларының мақсаты; · электротехника негіздері. |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
Жоқ
|
|
Қосымша талаптар |
- кеңсе бағдарламалық жасақтамасымен жұмыс істеу дағдысының болуы (Microsoft Office Word, Microsoft Office Excel, Microsoft Office Outlook); - офистік периферияларды қолдана білу дағдылары (принтер, факс, сканер); - интернет ресурстарын пайдалану дағдыларының болуы. - мемлекеттік және/немесе орыс тілін білу |
Шарттар:
Талап етілетін құзыреттер мен олардың деңгейлері:
- релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматика (бұдан әрі - РҚА және АА) құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізеді;
- - кезекші персонал үшін РҚА және АА құрылғыларын пайдалану бойынша нұсқаулықтар жасайды;
- РҚА және АА техникалық құжаттамасының болуын, жай-күйін және өзектілігін бақылайды;
- РҚА және АА құрылғыларының техникалық жағдайына бағалау жүргізеді;
- бастапқы және қайталама коммутацияның электр сұлбаларын, филиалдың электр желілерінің сұлбасын біледі;
- өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті көлемде салалық ережелер мен нұсқаулықтарды біледі және жұмыста қолдана біледі;
- "KEGOC" АҚ Саясатын, Мақсаттарын, Бағдарламаларын, ШЖЭТ филиалының біріктірілген менеджмент жүйесі саласындағы мақсаттарын біледі және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар