Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің корпоративтік басқаруды құқықтық сүйемелдеу корпоративтік шешімдер жобаларының құқықтық сараптамасының аға заңгері (негізгі қызметкер болмаған уақытта)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
43

Қаралған саны:
1430

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары заңгерлік білім;
  • Құқық магистрі дәрежесінің болуы, МВА (мүмкіндігінше).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Құқықтану саласында кемінде 3 жыл (мүмкіндігінше мұнай-газ компанияларында).

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • ҚМГ компаниялар тобындағы жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және ЕТҰ КО).

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (каз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:

  • Мемлекеттік тіл (В1).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құқық қолдану практикасы саласындағы кәсіби білім, Қазақстан Республикасының корпоративтік, азаматтық, азаматтық-процестік, салықтық, әкімшілік, еңбек, жер қойнауын пайдалану, монополияға қарсы, жер, бағалы қағаздар нарығы, қылмыстық, қылмыстық-процестік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және өзге де заңнамасын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, «Самұрық - Қазына» АҚ нормативтік актілері;
  • Компаниялардың корпоративтік басқару жүйесін білу және түсіну; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласында;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Заңгерлік сараптама жүргізу дағдылары;
  • Келіссөздер жүргізу, медиация, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласында;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
  • Ақпараттық құқықтық жүйелерді пайдалану дағдылары;
  • Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары.

Осы лауазымның функционалдық міндеттері:

  • Корпоративтік басқаруды (ҚМГ органдарының қызметін, оның ішінде ЕТҰ жетекшілік ететін мәселелер бойынша), ҚМГ корпоративтік орталығының қызметін (Департаменттің басқа басқармаларының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда), ҚМГ мен ЕТҰ корпоративтік басқару қағидаттарын сақтауды құқықтық сүйемелдеу;
  • ҚМГ корпоративтік орталығының қызметін регламенттейтін Корпоративтік құжаттар жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, ҚМГ ішкі нормативтік құжаттарына, корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкестігі мәніне тексеру жүргізу;
  • Сектор құзыреті шегінде және ҚМГ басшылығының тапсырмасы бойынша ҚМГ қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу, сондай-ақ оларды келісу мен келісуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету/қатысу;
  • «ҚМГ активтерінің деректер базасы» АЖ жүргізу, жұмыс істеуін бақылау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және оларды енгізу, ҚМГ ұйымдарына (Дерекқорды пайдаланушылар) «Ұйым төлқұжаты» (ай сайынғы) және «Еншілес тұлғалар» (тоқсан сайын) есептерін толтыру үшін сұраныстар жіберу, Базаны пайдаланушыларға әдістемелік көмек көрсету;
  • Департаментінің құзыреті шегінде ҚМГ және ЕТҰ қызметкерлерін құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыруға көмек беру, оның ішінде тәжірибе алмасу, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізу мақсатында Департаментте және Департамент қызметкерлерін ЕТҰ-да тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру;
  • Мүддесі бар, жасалған мәмілелер туралы есепті дайындау, олар бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасымен қабылдаған шешімдертуралы есепті тоқсан сайын ҚМГ Директорлар кеңесінің қарауына енгізу;
  • Лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша ҚМГ ЕТҰ директорлар кеңесінің/байқау кеңестерінің мүшелері болып табылатын сақтандырылған тұлғалардың (ҚМГ қызметкерлері) тізімін жүргізу және бухгалтерлік және салықтық есеп бөліміне уақтылы жіберу (ай сайын);
  • Секторға ҚМГ Басқарма төрағасы және (немесе) Департамент директоры, Басқарма бастығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Қажетті қабілеттер

  • Корпоративное управление
  • договорно-правовое сопровождение

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр