Нарықты талдау және заңнамалық ұсыныстар департаментінің директоры

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
1336

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелері:

1) Департаменттің барлық қызметіне басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін айқындайды, олардың өз міндеттерін ойдағыдай орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;
2) Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жауапты болады;
3) «KEGOC» АҚ үшін тиімді жағдайларға қол жеткізу мақсатында ҚР Энергетика министрлігі, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы және «KAZENERGY» қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП өкілдерімен келіссөз жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығын, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын және электр қуаты нарығын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі жобалардың қаралуын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығын, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын және электр қуаты нарығын дамыту бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді жақсарту, жаңарту бойынша ұсыныстар жіберу үшін ұсыныстар мен негіздеуші материалдардың қалыптастырылуын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
6) «KEGOC» АҚ-ның электр энергиясы нарығын, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын және электр қуаты нарығын дамыту бөлігінде конференцияларға, кеңестерге қатысу мәселелері бойынша материалдарды дайындауды және қажетті құжаттарды ресімдеуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығын, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын және электр қуаты нарығын дамыту мәселелері бойынша «ҚЭҚ» ЗТҚ, «КAZENERGY» және «Атамекен» ҰКП-мен өзара іс-қимыл процесін ұйымдастырады және қамтамасыз ету бойынша бақылауды қамтамасыз етеді;
8) «ҚЭҚ» ЗТҚ, «КAZENERGY» және «Атамекен» ҰКП-дан келген электр энергетикасы бөлігіндегі нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелерінен ұсыныстардың жиынын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
9) Қазақстанд электр энергетикалық қауымдастығы мен «KAZENERGY» қауымдастығының мүшелік жарналарын төлеуді бақылауды қамтамасыз етеді;
10) Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастықтарының электр энергетикалық кеңесімен (бұдан әрі – ТМД ЭЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын (бұдан әрі – ЕАЭО ОЭН) және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын (бұдан әрі – ТМД ОЭН) қалыптастыру мәселелері бойынша іс-қимылды бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
11) «KEGOC» АҚ-ның ЕАЭО ОЭН, ТМД ОЭН құру процесіне, ортақ электр энергетикасы нарығын дамыту бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу, ортақ электр энергетикасы нарығын дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және ілгерілетуге қатысу жөніндегі қызметін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
12) Кеңестерде, отырыстарда, селекторларда, семинарларда Департаменттің мүддесін білдіреді;
13) Департамент қызметі шеңберінде БМЖ процестерінің нәтижелілігін тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету бойынша бақылау мен үйлестіруді жүзеге асырады;
14) Компанияның даму стратегиясына және компанияның орта мерзімді бизнес-жоспарына, процестік басқару жүйесінің саясатына (бұдан әрі – ПБЖ) және процестік басқару жүйесі саласындағы басқа да ІНҚ-ға сәйкес жетекшілік ететін процесті айқындайды, қолдайды және ілгерілетеді;
15) жетекшілік ететін процесі бойынша жыл сайын мақсаттарды, қызметтің процестік көрсеткіштерін (бұдан әрі – ҚПК) және одардың нысаналы мәндерін белгілейді;
16) ҚПК нысаналы мәндеріне қол жеткізу мақсатында жетекшілік ететін процестерді басқарады: жоспарланған жұмыстарды жоспарлайды, орындайды, ауытқу себептерін анықтау және анықтау мәніне процестің нәтижелерін тексереді, жоспарланған нәтижеден ауытқу себептерін жою жөнінде шаралар қабылдайды;
17) жетекшілік ететін процеске қатысушылардың бүкіл өтпелі процестің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу жөніндегі қызметін үйлестіреді және бақылайды;
18) процестерді оңтайландыру мақсатында қажетті өзгерістерді бастайды, оларды автоматтандырудың орындылығын шығындар мен алынған пайданың арақатынасы тұрғысынан негіздейді;
19) жалпы прогресті бақылайды, туындаған мәселелерді шешеді, соның ішінде қажетті түзету әрекеттерін бастайды және жүргізеді;
20) процестік басқару мәселелері бойынша материалдар әзірлейді және кеңестерге, семинарларға қатысады;
21) Тәуекел-менеджментті енгізу және жетілдіру жөніндегі жоспарларды, бағдарламаларды орындайды;
22) «KEGOC» АҚ қызметіне әсерін ескере отырып, Департаменттің бизнес-процестерінің тәуекелдерін сәйкестендіру, талдау, бағалау және мониторингтеу жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады;
23) Департамент қызметі саласындағы негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады;
24) Департаменттің қызметі саласында негізгі тәуекелдерді басқару, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру жөніндегі жоспарлардың, бағдарламалардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
25) негізгі тәуекелдерді басқару бойынша есептілікті ұсынады;
26) тәуекелдердің жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады және іске асырылған тәуекелдер туралы уақтылы хабардар етеді;
27) компаниядағы белгілі бір тәуекелді және/немесе тәуекелдерді басқаруға, тиісті тәуекелді сәйкестендіруге, бағалауға және басқаруға, іске асырылған тәуекелдер бойынша ақпарат беруге, сондай-ақ осы қызмет бойынша есептілік беруге жауапты болады;
28) SAP ERP/HCM бағдарламасы арқылы төлемге арналған өтініштерді бекітеді.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылары, білімі және тәжірибесі:

  • Жаһандық салалық трендтерді білу, ҚР нарығының және компанияның әріптес елдерінің конъюнктурасын түсіну;
  • Жетекшілік ететін мәселелер бойынша құқық қолдану практикасының қалыптасқан ережелерін білу;
  • Жақын және алыс шет елдердің жүйелік қызметтер нарықтарының қағидаттарын, құрылымын білу;
  • Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
  • Электр энергетикасы, ҰЭТ жүйелік операторының функциялары, өндіріс технологиясы саласындағы мамандандырылған білім.
  • Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу;
  • Аналитикалық дағдылар (талдау, нақтылау және жалпылау);
  • Келіссөздер жүргізу дағдылары (сендіру және ықпал ету қабілеті) және коммуникациялық дағдылар;
  • Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этиканың басқа қағидаттарын қатаң сақтау);
  • Электр энергетикасы нарығының жұмыс істеуі мәселелері бойынша салалық заңнаманы жаңарту бойынша ұсыныстар әзірлеу тәжірибесі.

 Талаптар

  • Электр энергетикасы/ экономика / бейінді электр энергетикасы/ құқық/ халықаралық құқық / құқықтану бағыты бойынша жоғары білім;
  • Электр энергетикасы саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;
  • Басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  • Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны дұрыс;
  • MS office тәжірибелі қолданушысы;
  • Қазақ, орыс тілдерін білу және ағылшын тілін білгені жөн.

 

Түйіндемелер 2023 жылғы 16 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Түйіндемелер бос орынды орналастыру мерзімі өткеннен кейін қаралады.

 

Қажетті қабілеттер

  • Знания в области работы рынков электроэнергии
  • Законодательство в сфере электроэнергетики
  • Взаймодействие с гос органами

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)