Жоба менеджері Қызмет көрсету функцияларын автоматтандыру бөлімі
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- /OASF жобасы менеджерінің функционалдық міндеттеріне мыналар жатады:
1) құрылымдық бөлімшелердің проблемаларын, ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін талдау және бизнес-процестерді реинжиниринг пен автоматтандырудың озық тәжірибесін қолдану мүмкіндігін айқындау;
2) инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың тізбесі мен жоспарларын қалыптастыру;
3) цифрлық трансформация жобаларын әзірлеу және кезең-кезеңімен іске асыру;
4) жобаны басқаруды жүзеге асыру, жобаға қатысушыларды үйлестіру;
5) бизнес-процестерді құру үшін деректер жинауды жүзеге асыру;
6) қызмет көрсету процестерін автоматтандыру саласында техникалық ерекшеліктердің, алгоритмдердің, схемалардың, жіктеуіштердің және т.б жобаларын әзірлеу;
7) бизнес-процестерді автоматтандыруды және оңтайландыруды тестілеу;
8) цифрлық технологияларды пайдалану бөлігінде құрылымдық бөлімшелерге сараптамалық қолдау көрсету;
9) презентация материалдарын әзірлеу (презентациялар үшін қажетті ақпаратты жинау және бекіту) және оларды визуализациялау;
10) біріктірілген менеджмент жүйесінің талаптарын, сәйкессіздіктердің себептерін жою мақсатында алдын алу және түзету іс-шараларын орындауға міндетті.
Талаптар:
- Жоба менеджерінің жоғары/жоғары техникалық, математикалық, қаржылық немесе экономикалық білімі болуы керек.
Телекоммуникация саласында немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Сәулет негіздері және шығарылымдарды басқару. Жоспарлау жобалары, жоба бюджеті, Адамдарды басқару, BPM, SAP. Басқару әдістемелерін білу, сонымен қатар техникалық сараптама.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
Өндірістік оқыту департаментінің келісімшарттар бойынша менеджері
«Samruk Business Academy» ЖММ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
30.05.2026 | 2208
"Қазпошта" АҚ Жобаларды басқару департаменті директор
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
26.05.2026 | 1135
Инжиниринг-менеджер
«QazaqGaz Processing » ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
22.05.2026 | 713