Жобалау және құрылыс басқармасы Құрылыс бөлімінің бастығы

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
1018

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Құрылыс бөліміне басшылық ету;
  • Мердігерлермен, техникалық және авторлық қадағалаулармен шарттар жасасу бойынша жалпы бақылау;
  • Бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын жинауды жалпы бақылау;
  • Мердігерлерге жобалық-сметалық құжаттама (әрі қарай – ЖСҚ), жер учаскесін және құрылыс-монтаждау жұмыстары (әрі қарай –  ҚМЖ) басталғанда талон беру бойынша жалпы бақылау;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын жалпы бақылау;
  • Техникалық және авторлық қадағалауды жалпы бақылау;
  • ҚМЖ үшін орындалған жұмыстар актілерін қабылдау бойынша жалпы бақылау;
  • Жеткізілетін ТХ жабдықтары мен жиһаздары бойынша жалпы бақылау;
  • ҚМЖ және ТХ жабдықтар мен жиһаздарды жеткізу мерзімдері бойынша жалпы бақылау;
  • Атқарушылық құжаттаманы жинауды жалпы бақылау;
  • Объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша жалпы бақылау;
  • Салынған объектілерді жергілікті атқарушы органдар 
    балансына беру бойынша жалпы бақылау;
  • Бөлімнің өз құзыреті шеңберінде қойылған міндеттерді орындауын қамтамасыз ету;
  • Орындалатын жұмыстарды есепке алу, көзделген есептілікті жасау;
  • Жұмыс сапасын арттыру және дамытуды қамтамасыз ету;
  • Бағынысты қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындауын бақылау;
  • Департамент директорының және Қоғам басшылығының тапсырмаларын орындау.

Талаптар:

  • Жоғары техникалық білім;
  • Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес, оның ішінде бөлімдердің, басқармалардың және жобалардың басшысы: 3 жылдан кем емес;
  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім;
  • Жобаларды іске асыру шеңберінде бекітілген ұйымдардың жұмысын ұйымдастыра білу;
  • Жобалық, сметалық, өзге де техникалық құжаттамамен жұмыс істей білу;
  • Өндірістік процестердің кезеңдерін болжай білу;
  • Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша есептілікті жасай білуі;
  • Берілген өкілеттіктер шеңберінде қолданыстағы нормативтер мен өзге де заңнамалық актілерді қолдану дағдылары.

Шарттар:

  • ҚР ЕК бойынша ресімдеу;
  • Жұмыс кестесі 5/2, дүйсенбіден - жұмаға дейін 09:00 - 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін;
  • Әлеуметтік пакет, демалысқа арнайы мат. көмек;
  • KPI орындау бойынша сыйлықақы төлемдері.