«KEGOC» АҚ «Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалының Жезқазған аумақтық электр тораптарының механикаландыру және көлік өндірістік тобының механигі
Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- механикаландыру мен көліктің өндірістік тобының барлық персоналын үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
- қауіпті, ауыр салмақты, ірі көлемді жүктерді тасымалдауға рұқсат алу үшін жол полициясы, көлік инспекциясы, жол басқармасы органдарында құжаттама дайындауды және келісуді жүзеге асырады;
- жүргізушілерге автокөлікті басқару техникасын және қозғалыс қауіпсіздігін игеру бойынша нұсқама жүргізеді;
- АЭТ МжК тобы персоналының жол жүрісі қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы қағидаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- АЭТ автокөлік және арнайы техникасына техникалық қызмет көрсетудің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
- автокөліктер мен механизмдердің техникалық жай-күйін желіге шығару және гаражға қайтару кезінде тексеруді жүргізеді;
- қолданыстағы қағидаларға сәйкес автотехника мен арнайы механизмдерді жөндеу-пайдалану жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады.;
- мемтехнадзор мен ОЖЭТФ инспекторлық тобының нұсқамаларын орындайды;
- автомобильдерді Жол полициясы органдарында және әскери комиссариатта тіркеуді жүргізеді;
- журналға тиісті жазба енгізе отырып, автотехника бактарындағы отын қалдықтарын өлшейді;
- автомобиль және арнайы техникаға сапалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
- автотехника жұмысының сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және енгізеді;
- АЭТ МжК тобында болған технологиялық бұзушылықтарды, жарақаттану жағдайларын тексеру жөніндегі комиссияларға қатысады және технологиялық бұзушылықтарға талдау жүргізеді;
- мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын автомобиль және арнайы техниканы жөндеуге арналған шарттар бойынша жұмыстардың орындалу көлемі мен сапасын бақылайды;
- ҚТ күнін өткізу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
- қажетті пайдалану-техникалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады;
- жүргізушілерге қозғалыс ерекшеліктері туралы, маршруттағы метеорологиялық, жол және басқа да жағдайлардың өзгеруі туралы нұсқама жүргізеді;
- автомобиль техникасының қосалқы бөлшектерінің жұмсалуын және жөндеудің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- АЭТ-ке бекітілген автомобиль және арнайы техниканы пайдалану әзірлігінің жай-күйінде ұстауды қамтамасыз етеді;
- жұмыс орындарын ТПҚ, ҚТҚ, ӨҚҚ бойынша қажетті нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;
- оларды ресімдеуді талап ететін жұмыстарды жүргізуге рұқсат-нарядтарды ресімдейді және мұндай жұмыстарды қажетті рұқсаттарды алмай орындауға жол бермейді;
- АЭТ ЖЖМ қоймасын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді;
- жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді техникалық куәландыру кестесінің орындалуын әзірлейді және бақылауды жүзеге асырады;
- АЭТ механикаландыру және көлік тобының персоналымен техникалық оқу бойынша сабақтар өткізеді;
- автокөлік техникасының қосалқы бөлшектерін жұмсау және орындалған жөндеулер туралы есепті белгіленген тәртіппен жасайды;
- желідегі жүргізушілердің жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
- жол парақтарын беруді жүргізеді;
- автотехникаға жанар-жағармай материалдарын құюды жүргізеді, ЖЖМ шығынын және автотехниканың арнайы механизмдерінің әрбір бірлігі бойынша автошиналардың жүруін бақылауды жүзеге асырады;
- SAP ERP жүйесінде жұмыс істейді, ТОРО тапсырыстарының техникалық жабылуы, атап айтқанда ТОРО хабарламаларының жабылуы және ТОРО тапсырыстарының жабылуы;
- ТОРО тапсырыстарын ашу, растау, жабу және есептен шығару жөніндегі барлық жұмыстарды «Жұмыстарды орындау» №02.02.02.03 нұсқаулығына сәйкес жүргізеді. ТОРО тапсырыстарын дайындау, растау және жабу жұмыстары ZPM_iw38 транзакциясында орындалады.
Талаптар:
- Білім деңгейі – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта);
- Білім профилі – автокөлікпен тасымалдау, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
- Қажетті тәжірибе – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) біліммен тиісті бағыты бойынша – кемінде 3 жыл, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі – кемінде 5 жыл.
Шарттар:
-
Жұмыс орнына уақытында келу шартымен Сәтбаев қ., Жезқазған қ. тұру міндетті.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Күрделі құрылыс басқармасы, күрделі құрылыс бөлімінің 1 санатты инженер-технологы
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
15.12.2025 | 172
345356 - 365356 KZT
Астана электрмен жабдықтау дистанциясының Қырықыншы тартымдық қосалқы станциясының аға электромеханигі
Астанинская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақмола облысы
15.12.2025 | 104
326149 - 341723
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология жөніндегі жетекші инженер
Шымкентская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
15.12.2025 | 863
385970 - 399543