«KEGOC» АҚ «Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалының Жезқазған аумақтық электр тораптарының механикаландыру және көлік өндірістік тобының механигі

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
894

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • механикаландыру мен көліктің өндірістік тобының барлық персоналын үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
  • қауіпті, ауыр салмақты, ірі көлемді жүктерді тасымалдауға рұқсат алу үшін жол полициясы, көлік инспекциясы, жол басқармасы органдарында құжаттама дайындауды және келісуді жүзеге асырады;
  • жүргізушілерге автокөлікті басқару техникасын және қозғалыс қауіпсіздігін игеру бойынша нұсқама жүргізеді;
  • АЭТ МжК тобы персоналының жол жүрісі қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы қағидаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  • АЭТ автокөлік және арнайы техникасына техникалық қызмет көрсетудің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
  • автокөліктер мен механизмдердің техникалық жай-күйін желіге шығару және гаражға қайтару кезінде тексеруді жүргізеді;
  • қолданыстағы қағидаларға сәйкес автотехника мен арнайы механизмдерді жөндеу-пайдалану жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады.;
  • мемтехнадзор мен ОЖЭТФ инспекторлық тобының нұсқамаларын орындайды;
  • автомобильдерді Жол полициясы органдарында және әскери комиссариатта тіркеуді жүргізеді;
  • журналға тиісті жазба енгізе отырып, автотехника бактарындағы отын қалдықтарын өлшейді;
  • автомобиль және арнайы техникаға сапалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
  • автотехника жұмысының сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және енгізеді;
  • АЭТ МжК тобында болған технологиялық бұзушылықтарды, жарақаттану жағдайларын тексеру жөніндегі комиссияларға қатысады және технологиялық бұзушылықтарға талдау жүргізеді;
  • мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын автомобиль және арнайы техниканы жөндеуге арналған шарттар бойынша жұмыстардың орындалу көлемі мен сапасын бақылайды;
  • ҚТ күнін өткізу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
  • қажетті пайдалану-техникалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады;
  • жүргізушілерге қозғалыс ерекшеліктері туралы, маршруттағы метеорологиялық, жол және басқа да жағдайлардың өзгеруі туралы нұсқама жүргізеді;
  • автомобиль техникасының қосалқы бөлшектерінің жұмсалуын және жөндеудің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • АЭТ-ке бекітілген автомобиль және арнайы техниканы пайдалану әзірлігінің жай-күйінде ұстауды қамтамасыз етеді;
  • жұмыс орындарын ТПҚ, ҚТҚ, ӨҚҚ бойынша қажетті нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;
  • оларды ресімдеуді талап ететін жұмыстарды жүргізуге рұқсат-нарядтарды ресімдейді және мұндай жұмыстарды қажетті рұқсаттарды алмай орындауға жол бермейді;
  • АЭТ ЖЖМ қоймасын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді;
  • жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді техникалық куәландыру кестесінің орындалуын әзірлейді және бақылауды жүзеге асырады;
  • АЭТ механикаландыру және көлік тобының персоналымен техникалық оқу бойынша сабақтар өткізеді;
  • автокөлік техникасының қосалқы бөлшектерін жұмсау және орындалған жөндеулер туралы есепті белгіленген тәртіппен жасайды;
  • желідегі жүргізушілердің жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
  • жол парақтарын беруді жүргізеді;
  • автотехникаға жанар-жағармай материалдарын құюды жүргізеді, ЖЖМ шығынын және автотехниканың арнайы механизмдерінің әрбір бірлігі бойынша автошиналардың жүруін бақылауды жүзеге асырады;
  • SAP ERP жүйесінде жұмыс істейді, ТОРО тапсырыстарының техникалық жабылуы, атап айтқанда ТОРО хабарламаларының жабылуы және ТОРО тапсырыстарының жабылуы;
  • ТОРО тапсырыстарын ашу, растау, жабу және есептен шығару жөніндегі барлық жұмыстарды «Жұмыстарды орындау» №02.02.02.03 нұсқаулығына сәйкес жүргізеді. ТОРО тапсырыстарын дайындау, растау және жабу жұмыстары ZPM_iw38 транзакциясында орындалады.

Талаптар:

  • Білім деңгейі –   жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта);
  • Білім профилі – автокөлікпен тасымалдау, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
  • Қажетті тәжірибе – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) біліммен тиісті бағыты бойынша – кемінде 3 жыл, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі – кемінде 5 жыл.

Шарттар:

  • Жұмыс орнына уақытында келу шартымен Сәтбаев қ., Жезқазған қ. тұру міндетті.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Ұқсас вакансиялар

Электромеханик района электроснабжения ст Балхаш участок 1 группы 2 пусковой уч.Достык-Мойынты Акадырская дистанция электроснабжения Карагандинское отделение магистральной сети Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция магистральной сети»
Акадырская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу | Қарағанды облысы
12.12.2025 |  152
328286 - 347796
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Күрделі құрылыс басқармасы, күрделі құрылыс бөлімінің 1 санатты инженер-технологы Все права защищены. Используйте активную ссылку: https://qsamruk.kz/cabinet/vacancy-update/88951
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еңбекпен толық қамтылу | Екібастұз қ.
12.12.2025 |  137
345356 - 365356 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Күрделі құрылыс бөлімінің 1 санатты инженер-электригі
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еңбекпен толық қамтылу | Екібастұз қ.
12.12.2025 |  115
345356 - 365356 KZT