«KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының Алатау аумақтық электр тораптары (АЭТ) 500кВ «Алма» ҚС РҚжҚА өндірістік тобының инженері

от 247300 KZT
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
1235

   Конкурс туралы
БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
 «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалының Алатау аумақтық электр тораптары (АЭТ) 500кВ «Алма» ҚС РҚжҚА өндірістік тобының инженері

 Лауазымдық міндеттері:

1) ААЭТ басшылығының барлық әкімшілік-техникалық өкімдерін орындайды;

2) ААЭТ-ке бекітілген РҚжҚА құрылғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану деңгейін қадағалайды;

3) қолданыстағы ережелердің, бағдарламалардың, нұсқаулықтардың, директивалық нұсқаулардың, апатқа қарсы өкімхаттар мен ақпараттық хабарламалардың орындалуын бақылайды және ұйымдастырады;

4) РҚжҚА бойынша техникалық құжаттаманың болуын және жай-күйін, қорғау мен автоматиканы пайдалану бойынша дұрыстығын, жедел персоналда және топта болатын басқа да құжаттамаларды (схемаларды, тағайындамалар карталарын және т.б.) бақылайды;

5) РҚжҚА құрылғыларын профилактикалық жоспарлы тексерулердің уақтылы жүргізілуін қадағалайды. Осы жұмыстарды жүргізуге қатысады;

6) жаңа техниканы енгізу, ескірген және ақаулы жабдықты ауыстыру бойынша іс-шараларды орындауға қатысады;

7) жедел персоналдың РҚжҚА құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды оқып-білуін ұйымдастырады;

8) жаңа үлгідегі құрылғыларды қосу кезінде баптау бағдарламасымен қамтамасыз етеді, қажетті консультация береді, қосып-баптау жұмыстарына жеке өзі қатысады;

9) филиалдың РҚжЭҚ-мен бірлесіп, РҚжҚА құрылғыларының өндірістік нұсқаулықтары мен схемаларын уақтылы қайта қарайды және өзгертеді;

10) техникалық ақпаратты зерделейді, озық тәжірибені таратады, еңбекті ұйымдастырудың озық әдістер бойынша іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;

11) жедел бағдарламаларды, РҚжҚА құрылғыларындағы күрделі жұмыстарға немесе РҚжҚА схемаларындағы операцияларға байланысты күштік жабдықтағы жұмыстарға өтінімдерді дайындауға және қарауға қатысады;

12) қосалқы станцияда РҚА құрылғыларының жай-күйін тексереді, РҚА құрылғыларының ауыстырып-қосқыш жапсырмаларының дұрыс орналасуын және олардың электр жабдығының схемалары мен жұмыс режимдеріне сәйкестігін тексереді; электр энергиясын есепке алу аспаптарын пайдалануға байланысты жұмыстарды орындайды;

13) РҚА құрылғыларының техникалық жай-күйін тиісті жағдайда ұстайды;

14) жедел ауыстырып қосуларды бақылайды.

 

Талаптар: 

Білім деңгейі

Жоғары / орта техникалық және кәсіптік білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Электр энергетикасы саласындағы техникалық білім

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

Электр энергетикасы саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

Жоғары білім - жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды

Орта техникалық және кәсіптік білім – лауазым бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·   Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары саласындағы мамандандырылған білім;  

·   Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласындағы теориялық және практикалық білім;

·  Филиалдың электр желісінің схемасын және негізгі жабдықтың параметрлері мен құрамын білу;

·   Өз қызметін жүзеге асыру кезінде ААЭТ қолданатын Құжаттардың тізбесінде айқындалған көлемде салалық ережелерді, нормаларды, желілерді техникалық пайдалану саласындағы талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу;

·   Командада жұмыс істей білу, көшбасшылық және коммуникативтік дағдылар – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және  белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу;

·   Кәсіпқойлық (адалдық, әділдік және кәсіби этика қағидаларын қатаң сақтау;

·    Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі.

·    Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы IV топтан төмен емес;

Лицензиялар, сертификаттар

Жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн.

Қосымша талаптар

·     MS office тәжірибелі пайдаланушысы;

·      Қазақ, орыс тілдерін білу.

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:30-дан 17:30-ға дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны:  Алматы облысы, Іле ауданы, Али кенті, Алма-ҚС


Бос
қызмет орны тұрақты болып табылады.

 Түйіндемені қабылдау 12.07.2023ж. дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)