Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметі сақтандыру секторының бас маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
92

Қаралған саны:
2392

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары (қаржы-экономикалық, физика-математикалық, техникалық) білім;
  • Лауазымның тиісті бейіні/ менеджмент/ экономика/қаржы/МВА/ басқа (мүмкіндігінше) бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Кемінде 5 жыл (Ірі өндірістік компанияларда (мүмкіндігінше мұнай-газ саласында немесе өндіруші секторда) тәуекелдерді басқару, сақтандыру саласында жұмыс тәжірибесі).

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Ірі өндірістік компанияларда артықшылық беріледі (мүмкіндігінше мұнай-газ саласында немесе өндіруші секторда).

Басқарушылық тәжірибесі:

  • 2 жылдан кем емес тәжірибесі.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілі (А2 және одан жоғары), ағылшын тілі (Intermediate және одан жоғары). 

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Тәуекел-менеджмент, ішкі бақылау және сақтандыру саласындағы білім;
  • Экономика және/немесе қаржы саласындағы білімі;
  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ мұнай-газ саласын және/немесе пайдалы қазбаларды өндіруді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы саласындағы білім;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы білімі;
  • Сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты даму, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білім.
  • Еңбек заңнамасы саласындағы білім;
  • Ағылшын және орыс тілдерін білу;
  • Мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білуі (жазбаша және ауызша).

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және талдау, тәуекелдерді басқару әдістерін таңдау, тәуекелдерді сақтандыру арқылы қорғауды ұйымдастыру дағдылары;
  • Талдамалық жұмыс, ақпаратты жинау және жүйелендіру дағдылары;
  • Коммуникация және ресми (іскерлік) хат алмасу дағдылары;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Таныстырылымдарды дайындау дағдылары;
  • Сақтандыру бойынша әдіснамалық құжаттарды әзірлеу дағдылары;
  • Командамен жұмыс істеу, талдамалық жұмыс дағдылары, сұхбат, таныстырылымдар мен оқытулар жүргізу дағдылары, сендіру және дәлелдеу дағдылары, әртүрлі деңгейдегі басшылармен өзара іс-қимыл дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Еңбек қатынастары мәселелері бойынша «Samruk Business Academy» ЖМ-мен өзара әрекеттеседі.
  • Тәуекелдерді корпоративтік сақтандыру процесін ұйымдастыру мақсатында ҚМГ тәуекелдерді сақтандырудың корпоративтік бағдарламасын орналастырады және үйлестіреді.
  • «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ»  АҚ (бұдан әрі - Қор) сақтандыру арқылы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі корпоративтік стандарттың талаптарын сақтау мақсатында тәуекелдерді корпоративтік сақтандыру процесін ұйымдастыру шеңберінде сақтандыру брокерлерімен, сақтандыру компанияларымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі консультанттармен өзара іс-қимыл жасайды.
  • Сақтандыру шартын жасасу үшін жергілікті сақтандыру ұйымын пысықтау және таңдау процесіне, ҚМГ мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісуге, шарттарға екі жақты қол қоюға және ҚМГ-нің жасалған сақтандыру шарттары шеңберінде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады.
  • ҚМГ-нің жасалған сақтандыру шарттары шеңберінде сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты, жасалған сақтандыру шарттары бойынша өзара есеп айырысу актілері бойынша мониторингті, жасалған әкімшілендіретін шарттар бойынша шарттар мониторингі жүйесіне (SAP) деректерді енгізуді жүргізеді.
  • Департаменттің әкімшілендіретін баптары бойынша алдағы жылға арналған ҚМГ даму жоспарына өтінімді қалыптастырады, есепті кезеңде ҚМГ даму жоспарының орындалуы бойынша есепті қалыптастырады, тиісті сақтандыру өтемін ұйымдастыру мақсатында ЕТҰ бюджеттерін қарайды және келіседі.
  • Қызметтерге кірістердің/шығыстардың төлемдерін есептеу үшін анықтамаларға таратып жазуды, ҚМГ даму жоспарының басқарылатын бағдарламалары бойынша баптарға анықтама-растауды қалыптастырады, Бухгалтерияға ұсынады.
  • Қызметтің құзыреті шеңберінде ҚМГ органдары мен комитеттерінің қарауына шығарылатын және олардың ҚМГ тәуекелдерін басқару және тәуекелдерді сақтандыру саласындағы бекітілген қағидаттар мен тәсілдерге сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ мен оның ЕТҰ-ларының ішкі құжаттарын қарайды және келіседі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр