B2B баламалы сату арналарын дамыту бойынша менеджер

ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL) Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
591

   Конкурс туралы

Міндеттері:


В2В баламалы сату арналарының көмегімен әлеуетті корпоративтік клиенттерге сату бағдарламаларын әзірлеу және енгізу арқылы, сату мен түсетін пайданың жылдық жоспарын орындауды қамтамасыз ету;

· Әлеуетті әріптестерді – Компанияның қызметтерін оның бұрыннан бар және болашақта болатын клиенттеріне сататын агенттерді анықтау мақсатында, шектес салалар мен тұтынышулар нарығына мониторинг жүргізу;

· Агенттермен, баламалы сату арналарының өкілдерін өз нысандарының аумағына кіргізетін әріптестермен жүргізілетін бизнес-кейстерді, ынталандыру схемаларын, шарттық қарым-қатынас және өзара есеп айырысу жүйелерін әзірлеу;

· Жаңа баламалы сату арналарын коммерциялық пайдалануға енгізу жобаларын іске асыру;

· Сатулары және сату алдындағы транзакцияларды (Компания өнімдерін таныстыру, контактілерді жинап алу) орындау үшін, экономикалық тұрғыдан дәйектелген шарттарға сай, КСҚ (корпоративтік сату қызметі) персоналымен келісімге келу мақсатында, бизнес іс-шараларға мониторинг жүргізу;

· Компанияның атынан В2В баламалы сату арнасында қызметін жүзеге асыратын штаттан тыс персоналды дайындау, оқыту, бақылау мәселелері бойынша агенттіктермен өзара әрекеттестік орнату;

· Әлеуетті корпоративтік клиенттердің Компанияның жаңа өнімдерімен танысуына және оларды сынап көруіне мүмкіндік беретін промо-науқандарды басқару.


Қойылатын талаптар:

· Жоғары білім

· Аналитикалық маркетинг саласындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 2 жыл

· Арнайы білімдер мен дағдылар

· Корпоративтік клиенттерге сату циклі және оның ерекшеліктері (B2B);

· Жобаларды, әріптестіктерді басқару; Сату процесін басқару;

· Жоғары технологиялы нарықтардың эко жүйесін дамыту принциптері, стейкхолдер тәсілі;

· Телекоммуникация саласын B2B сегментінде дамытудың трендтері мен перспективалары;

· Телекоммуникация саласының B2B сегментіндегі нарықтық жағдай (қатысушылар, үлестері, трендтер, ретроспектива);

· Қаржылық жоспарлау және бизнес-кейстерді жасау принциптері;

· Баға жасау тәртібі, маркетинг негіздері;

· Сатушылардың бөліп берілген командасын басқару;

· Сатуды жоспарлау;

· Іскерлік презентация, іскерлік хат алмасуды жүргізу, телефонмен болатын келіссөздер, келісім-шарттық келіссөздер;

· Психологиялық орнықтылық;

· Кикілжіңдерді басқару және проблемаларды шешу;

· Дерекқорлармен және статистикалық есептермен жұмыс;

· Адамдармен тіл табыса білу; жинақылық; бастамашылдық.


Біз не ұсынамыз:

· тұрақты жалақы және ай сайынғы лайықты сыйақы;

· корпоративтік ұялы байланыс;

· 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;

· қосымша медициналық сақтандыру;

· кездесулерге барғанда «Яндекс Такси» қызметін төлеп беру.