Корпоративтік басқару жөніндегі бас менеджер

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
57

Қаралған саны:
1480

   Конкурс туралы

Міндеттері:

«СҚ Бизнес Сервис» ЖШС бизнес-процестерді аутсорсинг қызметтерін көрсету шеңберінде: озық халықаралық практика негізінде корпоративтік басқару саласындағы әдіснама мен стандарттарды дамытуға құрылымдық және дәйекті тәсіл жолымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету.

Талаптар:

  • Бизнес, басқару және құқық/ аралас мамандықтар саласындағы жоғары білім.
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық/ аралас мамандықтар және/немесе МВА дәрежесі саласындағы магистр дәрежесі.
  • Корпоративтік басқару саласында сертификаттаудың болғаны жөн.
  • Жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде корпоративтік басқару және/немесе құқық және/немесе мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл.
  • «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында/ мемлекеттік органдарда/ квазимемлекеттік секторда жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.
  • Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн.

Заңнама және нормативтік құқықтық актілер, арнайы және мамандандырылған білім:

  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  • корпоративтік басқару саласындағы халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді білу;
  • акционерлердің/ қатысушылардың құқықтарын айқындайтын және корпоративтік басқару органдарының қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу;
  • корпоративтік мінез-құлық кодексін, халықаралық корпоративтік заңнама негіздерін, корпоративтік басқарудың озық отандық және шетелдік тәжірибесін көрсететін нормативтік құжаттарды, корпоративтік жанжалдарды реттеу тәртібін білу.

Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):

  • жақсы аналитикалық дағдылар;
  • корпоративтік басқару саласындағы стандарттар мен тәжірибелерді түсіндіру және оларды Қорда және оның портфельдік компанияларында енгізу және қолдану үшін бейімдеу дағдылары;
  • корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу үшін қажетті сыртқы және ішкі мүдделі тараптармен тиімді қарым-қатынас жасау дағдылары;
  • мол ақпаратты талдай білу және жалпы жұртшылық үшін де, мүдделі тараптардың шектеулі шеңбері үшін де қысқаша қорытындылар/ нәтижелер бере білу.

Құзыреттер (жеке):

  • сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу (орыс және қазақ тілдерінде - білгені жөн);
  • коммуникация құра білу;
  • командада жұмыс істей білу;
  • қажетті ақпаратты тез таба білу;
  • стресске төзімділік.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр