Жиынтық-талдау бөлімінің тәуекелдер бойынша маманы

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
199

Қаралған саны:
3103

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Процесс тәуекелдерін анықтау;
  • Бөлімнің бизнес-процестерін сипаттау, Бизнес-процестер картасын, Бизнес-процестердің схемаларын құру;
  • Анықталған технологиялық тәуекелдерге бақылау рәсімдерін әзірлеу, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Департамент үшін тәуекел және бақылау матрицасын әзірлеу;
  • Басқарма қызметінің бақыланатын бағыттарын айқындау, Қоғам қызметінің бақыланатын салаларының жіктеуішін жасау және Директорлар кеңесінің төрағасымен бекіту;
  • Бизнес-процестерді бақылау процесінде бақылау процедураларын жобалауды бағалау, түзету әрекеттерін әзірлеу;
  • Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын қалыптастыру;
  • Тиімді ішкі бақылау жүйесін құру бойынша жұмысты ұйымдастыру және жалпы үйлестіру;
  • Бизнес-процестерді үздіксіз жетілдіруде қолдау көрсету және салалар арасындағы процестердің интеграциясын қамтамасыз ету;
  • бақылау процедураларының тиімділігін жүйелі тестілеу және бағалау;
  • Қоғамның Директорлар кеңесі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бойынша есептерді қалыптастыру;
  • Қоғамның Тәуекелдерді басқару комитетінің, Басқарманың және Директорлар кеңесінің отырыстарына ұсыныстарды қалыптастыру, материалдар жобаларын ұсыну;
  • Тікелей басшымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіптік (экономикалық/құқықтық) білім;
  • Мамандық бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын қоспағанда) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 2 (екі) жыл;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Шарттары:

  • Ұлттық жобаның аяқталу мерзіміне дейін еңбек шартын жасасу (2025 ж. дейін);
  • Толық уақыт, 5/2;
  • Көп тапсырма режимінде жұмыс істеу, тәулік бойы байланыста болу мүмкіндігі.
  • Іссапарлардың болуы;
  • Ұлттық ірі жобалардың бірінде тәжірибе жинақтау;
  • Нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелері бойынша бонустық төлемдер.