Жергілікті мазмұн мониторингі орталығының бас менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Серіктестіктің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті мазмұн үлесіне қатысты деректерді жинау, жүйелеу және талдау;
- Жергілікті мазмұн деңгейіне байланысты талдамалық материалдарды, есептерді, кестелерді, салыстырмаларды және болжамдарды дайындау;
- Жергілікті мазмұн үлесін арттыру және жаңа өндірістерді локализациялау бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
- Жеткізушілердің жергілікті мазмұн үлесіне қатысты шарттық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;
- Растайтын құжаттарды (CT-KZ, шығу тегі туралы сертификаттар, отандық тауар өндірушінің сертификаттары, орындалған жұмыстар актілері және т.б.) ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына талдау;
- Орталықтың құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, уәкілетті ұйымдармен және сыртқы сарапшылармен өзара әрекеттесу;
- Жергілікті мазмұн мониторингі мақсатында Серіктестіктің сатып алуларын есепке алу;
- Жергілікті мазмұнды растау құжаттарының мұрағатын қалыптастыру;
- Атом саласы үшін арнайы жеткізушілер тізілімінің қағидаларын әзірлеуге қатысу;
- Жергілікті мазмұнға қатысты ішкі регламенттерді, рәсімдерді, әдістемелерді әзірлеуге және келісуге қатысу;
- Жергілікті мазмұнды мониторингтеу және есепке алу процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
- Департамент директорының, Серіктестіктің Бас директорының тапсырмалары бойынша Серіктестіктің мүдделерін мемлекеттік мекемелерде және өзге ұйымдарда таныстыру;
- Серіктестік пен Департаменттің қызмет жоспарларын іске асыруға және нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
- Серіктестіктің Бас директоры және Департамент директорының тапсырмалары бойынша жұмыс, сараптамалық топтар мен комиссиялардың жұмысына қатысу;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, Серіктестіктің Жарғысының, Қызмет туралы Ереженің және Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін өзге де құжаттардың талаптарын орындау;
- Орталық қызметіне байланысты басшылықтың тапсырмаларын орындау;
- Орталықтың құзыреті шегінде Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік уәкілетті органдармен хат алмасу;
- Белгіленген тәртіппен Орталықтың іс жүргізуін жүргізу;
- Департаменттің Ережесіне және департамент директордың тапсырмаларына сәйкес Қызметтің өзге де функцияларын орындауды қамтамасыз ету;
- Серіктестік қызметкерлері үшін еңбек тәртібі қағидаларын сақтау;
- Лауазымдық міндеттерді орындау кезінде пайдаланылатын Серіктестіктің материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
- Қаржы және/немесе экономика және/немесе заңтану және/немесе мемлекеттік басқару салалары бойынша жоғары кәсіби білім;
- «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша закуп қызметі саласындағы білімді растайтын жарамды сертификаттың болуы құпталады;
- Кәсіби салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Тәжірибе:
- Компанияның ұйымын және олардың ұзақ мерзімді стратегиясын қалыптастыруды білу;
- Өндірістік бөлімшелермен өзара әрекеттесу тәртібін білу;
- Лицензия алуға қатысты дағдылар;
- Сатып алу саласындағы бизнес-процестерді ұйымдастыруды білу;
- Компанияны қайта ұйымдастыру, түрлендіру немесе трансформациялау жобаларында жұмыс істеу дағдылары;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын және өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілерді білу;
- Аналитикалық ақпаратты қалыптастыру дағдылары.
Шарттар:
5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
Есептілік тобының бас менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
10.12.2025 | 132
Қызмет көрсету жөніндегі маман
«Energy Solutions Center» ЖШС – «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
09.12.2025 | 644