KEGOC АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының Директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Шымкент қ.

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
1537

   Конкурс туралы

Негізгі лауазымдық міндеттері

  • техникалық шарттарды, мемлекеттік стандарттарды, техникалық пайдалану қағидаларының талаптарын, қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау заңнамасы және басқа да салаларда қолданылатын қағидалар мен талаптарды сақтай отырып, көлік құралдары мен жүк көтергіш механизмдерді, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану бойынша Филиалдың тиімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді;
  • орталықтандырылған жабдықтауға кірмейтін нысандар бойынша жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының жоспарларын орындау үшін тауарлық-материалдық құндылықтардың жеткізілуін қамтамасыз етеді;
  • техникалық қадағалау органдарында жүк көтеру механизмдерінің куәландырылуын қамтамасыз етеді;
  • қойма шаруашылығы жұмысының бақылануын, материалдық құндылықтардың дұрыс сақталуы мен сақтығына жағдайдың жасалуын, олардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
  • көлік құралдарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
  • өндірістік қызметтер мен бөлімшелерді көлік құралдарымен және құрылғылармен барынша жарақтандыру бойынша шараларды қабылдайды;
  • жылдық жоспар-кестеге сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігерлермен келісім-шарттардың дер кезінде жасалуы бойынша шараларды қабылдайды;
  • жеткізушілермен материалдар мен жабдықтарды жеткізуге арналған келісім-шарттардың дер кезінде жасалуы бойынша шараларды қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтерді және тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • қаржылық сметаларды және басқа есептерді, жыл сайынғы қажеттіліктерді қанағаттандыратын және Филиалдың бағдарламалық міндеттерін орындауға бағытталған жабдықтарға, материалдарға жиынтық сұраныстардың уақтылы және сапалы жасалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • жаңғырту бағдарламасы бойынша орталықтандырылған жеткізулер арқылы келетін тауарларды уақтылы кедендік ресімдеу бойынша шаралар қабылдайды;
  • Филиалдың және тұтастай алғанда «KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған өндірістік-шаруашылық қызмет бойынша басшылықтың тапсырмаларын орындайды;
  • МТЖ және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің, сатып алу тобының, іс жүргізу тобының/маманының, механикаландыру және көлік цехы және ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу цехының жұмысын тікелей басқарады;
  • Филиалға жүктелген міндеттер мен функцияларға сүйене отырып, осы лауазымдық нұсқаулықта белгіленген өзге де міндеттерді орындайды;
  • құжаттандырудың, құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың, құжаттардың орындалуын бақылаудың, іс жүргізу процестерін автоматтандырудың, салалық құжаттарды сақтаудың, жүйелеудің және оңтайландырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді;
  • Компаниядағы белгілі бір тәуекелді және/немесе тәуекелдерді басқаруға, сәйкес тәуекелді анықтауға, бағалауға және басқаруға, іске асырылған тәуекелдер туралы ақпарат ұсынуға, сондай-ақ осы қызмет бойынша есептілікті ұсынуға жауапты болады;
  • спутниктік қадағалау жүйесін пайдалана отырып, Филиалдың көлік құралдарын бақылауды қамтамасыз етеді.

Білім деңгейі: жоғары

Білім бейіні: техникалық және/немесе заң және/немесе қаржы-экономикалықКәсіби тәжірибесі: шаруашылық қызмет көрсету, көлік құралдарын пайдалану және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында.

Лауазымы бойынша жұмыс өтілі (ұзақтығы), жылдар: 5 жылдан кем емес.

Басшы лауазымындағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар: 3 жылдан кем емес

 

Білуі тиіс: ·      Көлік құралдарын техникалық пайдалану,  әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету саласындағы қағидаларды, нормаларды, талаптарды, сатып алынатын жабдықтар мен құрал-саймандардың стандарттары мен техникалық шарттарын білу;
  • Ғимараттар мен үй-жайларды өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын білу.

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық дағдылар;
  • Келіссөз жүргізу дағдылары (сендіру және әсер ете алу қабілеті) мен коммуникация дағдыларын жетік меңгеру;
  • Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара әрекеттесу тәжірибесі;
  • Тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтау, қоймаға орналастырудың қағидаттарын, ережелері мен тәртібін білу;
  • Топтық жұмыс, көшбасшылық және коммуникативті дағдылар – қызметтестікке ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында бәтуаластықты таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу;
  • Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).

 

ДК-мен жұмыс істеу үшін қажеті дағдылар: ДК және MS Office / Word, Excel,  тәжірибелі пайдаланушысы.

Қосымша талаптар: электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ біліктілік тобының болуы.

Жұмыс орны: Шымкент қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 27.

Түйіндемелер қоса алғанда 6 желтоқсан 2023 жылға дейін қабылданады

Қажетті қабілеттер

  • Профессионализм (честность, объективность, и прочим принципам профессиональной этики).
  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность, мобильность, организаторские способности
  • ­ навыки работы в команде, лидерство и коммуникативность
  • навыки аналитической обработки данных; • коммуникационные навыки;
  • - Навыки ведения переговоров, делового общения и переписки;
  • взаимодействие с госорганами
  • Знания принципов работы, правил и порядка хранения, складирования товарно-материальных ценностей

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)