Әлеуметтік саясат жөніндегі бас менеджер

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
516

   Конкурс туралы

Міндеттері:

«СҚ Бизнес Сервис» ЖШС бизнес-процестердің аутсорсинг қызметтерін көрсету шеңберінде: «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында әлеуметтік саясатты, қайырымдылық қызметті, жастар саясатын жетілдіру, қайырымдылық қызметі және жастар саясаты мәселелерінде «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларына әдіснамалық көмек көрсету.

Талаптар:

  • Бизнес, басқару және құқық/ әлеуметтік ғылымдар/ гуманитарлық ғылымдар/ техникалық ғылымдар және технологиялар/ аралас мамандықтар саласындағы жоғары білім.
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық/ әлеуметтік ғылымдар/ гуманитарлық ғылымдар/ техникалық ғылымдар және технологиялар/ аралас мамандықтар және/немесе МВА дәрежесі саласындағы магистр дәрежесі.
  • Жобаларды басқару және/немесе өзгерістерді басқару және/немесе персоналды басқару саласында сертификаттардың болғаны жөн.
  • Персоналды басқару саласында кемінде 5 (бес) жыл жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн.
  • Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн.

Заңнама және нормативтік құқықтық актілер, арнайы және мамандандырылған білім:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  • персоналды басқару саласындағы білім (HR саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер мен заманауи тұжырымдамалар);
  • бизнесті түсіну: стратегия, клиенттердің қажеттіліктері, «Самұрық-Қазына» АҚ тобындағы компаниялардың коммерциялық және қаржылық моделі.

Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):

  • әлеуметтік мәселелер бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеуде жұмыс істеу дағдысы;
  • аналитикалық және статистикалық ақпаратты дайындау бойынша жұмыс дағдысы, әлеуметтік мәселелер саласында сараптама жүргізу қабілеті;
  • қатысушылардың әртүрлі деңгейлері үшін әртүрлі деңгейдегі және ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруда жұмыс істеу дағдысы;
  • қызметін ұйымдастыру және жоспарлау қабілеті;
  • компанияның стратегиясын түсіну және мақсаттар мен міндеттерге декомпозиялау мүмкіндігі;
  • MS Office тәжірибелі пайдаланушысы.

 Құзыреттер (жеке):

  • сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу (орыс және қазақ тілдерінде - құпталады);
  • коммуникация құра білу;
  • командада жұмыс істей білу;
  • қажетті ақпаратты тез таба білу;
  • стресске төзімділік.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр