Уран өндірісінің азот-сутегі-оттегі станциясының 4-5 разрядты слесарь-сантехнигі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
111

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

4-разряд: меңгеруі керек: орталық жылытудың, сумен жабдықтаудың, кәріздің және суағарлардың санитарлық-техникалық жүйелерінің күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру; аспап пен бекітпелерді орнату орындарын белгілеу; жөндеу орнында шойын радиаторларын топтастыру және қосып топтастыру; жылыту панельдерінің, санитарлық-техникалық кабиналар мен блоктардың құбырларын жалғау; бөлшектер мен аспаптарды піспекті пистолет арқылы бекіту; шаю шанашығын, әртүрлі ванналарды, шұраларды, крандарды, үшқозғалтқыштылардан басқа, әртүрлі шұңғылшаларды, раковиналарды, араластырғыштарды, қолжуғыштарды, дәретханаларды, сору шкафтарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. 5-разряд: меңгеруі керек: орталық жылытудың, сумен жабдықтаудың, кәріздің және суағарлардың санитарлық-техникалық жүйелерінің күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру; шойын құбырларынан құбырлардың учаскелерін ауыстыру; құбырларды сынау кезінде ақаулы орындарды белгілеу; аппаратураны, су жылытқыштарды, ауа жинағыштарды, колонкаларды, үшқозғалтқышты крандарды, айқыштарды, манометрлерді, секциялық бұрмаларды, су өлшегіш шыныларды, үшайырларды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

Білім:

Техникалық және кәсіби деңгейден төмен емес

Дағдылар:

4-разряд: білуі керек: болат және полимерлі құбырлардан жасалған санитарлық-техникалық құбыржолдық жүйелердің құрылысы мен жөндеу тәсілдерін; піспекті пистолет құрылысын және олармен жұмыс істеу ережесін; аспаптар мен бекітпелерді орнату орындарын белгілеу тәсілдерін; санитариялық және жылыту аспаптарын орнату ережесін. 5-разряд: білуге тиіс: білуі керек: әртүрлі санитарлық-техникалық құбыржолдық жүйелерінің құрылысы мен жөндеу тәсілдерін; құбырларды сынау кезінде ақаулы орындарды белгілеу тәсілдері.

Қосымша:

бір айда максималды доза 0,42 мЗв асатын болса құрамында радон және олардың қысқа өмір сүретін еншілес ыдырау өнімдері көп болған жағдайдағы мерзімді жұмыстарға байланысты зиянды еңбек жағдайлары

Білетін тілдер:

-