Газ өңдеу және дайындау басқармасының жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Тағылымдама, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
1585

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғары техникалық/мұнай-газ. Лауазым тиісті бейіні /МВА/ басқа (мүмкіндігінше) бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Мұнай және газ өнеркәсібі саласында кемінде 4 жыл.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілін В1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеру және орыс тілін (міндетті), сондай-ақ ағылшын тілін (мүмкіндігінше) білу.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалары (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Нормативтік құқықтық актілер туралы заң, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс, Акционерлік қоғамдар туралы заң, Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заң, Табиғи монополиялар туралы заң, Газ және газбен жабдықтау туралы заң)
  • Өндірістік-қаржылық қызметке мониторинг және талдау жүргізу
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында
  • GRI жүйесін орнықты дамыту қағидаттары саласында
  • Сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты даму, ақпараттық қауіпсіздік саласында
  • Жобаларды басқару саласында
  • Есепке алу жүйесін құру саласында
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында
  • Инвестициялық жобаларды қаржылық модельдеу және бағалау саласында

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу (Microsoft Office, Word, Excel және т.б. бағдарламалар)
  • Ақпаратты жинау, жүйелендіру және талдау
  • Коммуникация дағдылары
  • Келіссөздер жүргізу дағдылары
  • Жобаларды басқару
  • Тәуекелдерді талдау және бағалау
  • Бизнес-процестерді модельдеу
  • Есептеуіш техника, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін (міндетті), сондай-ақ ағылшын тілін (мүмкіндігінше) білу

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Еңбек қатынастары мәселелері бойынша «Samruk Business Academy» ЖМ-мен өзара әрекеттеседі;
  • Бекітілген өндірістік бағдарламалар,   ЕҰ мен ББҰ жетекшілік ететін бизнес-жоспарлар және бюджеттер шеңберінде газды қайта өңдеу көлемі бойынша өндірістік-қаржылық көрсеткіштердің орындалуын үйлестіреді және мониторинг жүргізеді, тарифтердің, тауарлар мен қызметтерге бағалардың есептеулерін қалыптастыруға және келісуге қатысады,  ақпаратты иелену және ҚМГ басшылығына шынайы деректерді дайындау мақсатында ҚМГ ЕҰ және ББҰ жетекшілік ететін қаржы ресурстарының пайдаланылуына тұрақты мониторинг жүргізеді;
  • Нарық жағдаятына, газ бағасының сұранысына тұрақты мониторинг жүргізеді, ықтимал тәуекелдерді бағалайды; өнімді және өндірістік қуаттарды өткізуге байланысты өндірістік өзіндік құны мен шығыстарын есептеулер мен бағалауды жүргізуге қатысады; неғұрлым тиімді экономикалық шешімдер қабылдау мақсатында Басқарма жетекшілік ететін ҚМГ ЕҰ және ББҰ баға саясатын қалыптастыру үшін ұсыныстар мен ұсынымдар береді;
  • ҚМГ ЕҰ және ББҰ жетекшілік ететін Байқаушы кеңеске, ҚМГ Инвестициялық комитетіне, сондай-ақ ЕҰ мен ББҰ бюджеттік және өндірістік бағдарламаларына шығарылатын материалдарды қарайды және функционал шеңберінде ұсыныстар мен ескертулерді енгізеді және ұсынымдар береді;
  • Басқарма бойынша қызметтің жетекшілік ететін бағытының қаржылық және өндірістік тәуекелдерін айқындау жөніндегі жұмысты, алдын алу іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізеді, тәуекелдерді басқару жөніндегі есептілікті дайындайды және әлеуетті тәуекелдерді жою жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды  береді
  • Басқарма жетекшілік ететін ЕҰ және ББҰ газды дайындау және өткізуді үйлестіреді және оның өндірістік процесіне қатысады, Шарттардың жобаларын қарайды, оларға ұсыныстар мен ескертулер енгізеді, ҚМГ мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен және бөгде компаниялармен/ұйымдармен ұйымдастырушылық және коммуникациялық жұмыс жүргізеді;
  • Басқарма жетекшілік ететін жобалар бойынша газ балансының жүйелі мониторингін жүргізеді
  • ҚМГ-нің және ҚМГ ЕҰ/ББҰ-ның қызметіне елеулі әсер ететін, жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қордың, мемлекеттік органдардың, бөгде ұйымдардың, ҚМГ ЕҰ және ББҰ өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;
  • Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Жұмыс топтарының отырыстарына қатысады, материалды қарайды, оған сараптамалық қорытындылар дайындайды, ұсыныстар енгізеді, ҚМГ ЕҰ және ББҰ жетекшілік ететін Басқармасымен үйлестіру және ұйымдастыру жұмысын жүргізеді;
  • Блок пен Басқарма басшылығының өзге де тапсырмалары мен міндеттерін орындайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр