3-4-разрядты технологиялық қондырғылар операторы

390000 - 390000 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
998

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • технологиялық үдерісті жүргізу және технологиялық регламентке қатаң сәйкестікте қызмет көрсетілетін қондырғы блогының жабдықтарын пайдалану;
  • жылыту, желдету жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету, газдануды, шаңдануды жою және санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау;
  • бақылау-өлшеу аспаптарының және қызмет көрсетілетін блок бойынша деректерді жинау мен өңдеудің ақпараттық жүйесінің көрсеткіштері бойынша технологиялық режим нормаларының сақталуын бақылау;
  • технологиялық қондырғы мен қосалқы жабдықты, машиналар, сауыттар мен аппараттарды бақылау және қорғау аспаптарын пайдалану және оларға қызмет көрсету, технологиялық үдерісті жүргізу;
  • технологиялық үдерісте және авариялық жағдайларда туындаған ауытқулардың алдын алу және жою;
  • жабдықтардың, БӨАжәнеА құралдарының, сақтандыру және қорғау құрылғыларының, өрт сөндіру құралдарының, газдан қорғау құралдарының, құралдар мен аспаптарының жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру.

Біліктілік талаптары:

  • «Мұнай және газ технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім;
  • 4-разряд – жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.

Білімі мен дағдылары:

  • технологиялық үдерістердің білу;
  • қызмет көрсетілетін жабдықтардың, аппараттардың құрылысы мен пайдалану қағидаларын білу;
  • слесарлық жұмыс дағдылары;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
  • пайдаланушы деңгейінде Windows жүйесінің жұмысын білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру