«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
Павлодар мұнайхимия зауыты («ПМХЗ» ЖШС) акциялардың 100% «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-на тиесілі, Қазақстанның солтүстік-шығысындағы мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ірі кәсіпорын және республиканың үш мұнай өңдеу зауытының бірі болып табылады.
Зауыт 1978 жылы пайдалануға берілді және Батыс Сібір кен орындарында мұнай шикізатын өңдеуге бағытталған. Кәсіпорын жылына 6.0 млн. тонна мұнай өндіру теңгерімді қуаттылыққа ие.
ПМХЗ мұнай өнімдерінің көптеген түрлерін шығарады.Олардың ішіндетүрлі маркалы автомобиль бензиндері,дизель отыны, мұнай отыны(мазут),, көмірсутекті сұйытылған газдар, вакуумдық газойль, техникалық күкірт, бірнеше сұрыпты битум (құрылыс, жол, жабындық), мұнай коксы.
Зауыт құрылымына мұнайды бастапқы өңдеу кешені (ЛК-6У), мұнай өнімдерін компандирлеу және тиеу кешені (МКТК),мұнайды терең өңдеу кешені (КТ-1 мазутты терең өңдеу,отын кешені), ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу кешені құрамында бірнеше: баяулатып кокстеу, мұнай коксін қыздыру, битум өндіру, күкірт өндіру,күкіртті түйіршіктеу қондырғысы кіреді. ПМХЗ сутектің өндірісі мен мұнай қоқырын қайта өңдеу қондырғысы, сондай-ақ ірі қосалқы бөлімшелер - сумен жабдықтау және кәріз цехы және орталық зауыт зертханасы (ОЗЗ жұмыс істейді.
Жаңғырту жобаның іске асыру нәтижесінде ПМХЗ екі жаңа қондырғылар кешені салынды: изомерлеу және нафтасплиттері кешені және күкірт өндіру қондырғылары кешені, сондай-ақ жаңа саынған және пайдалануға берілген қондырғылардың қалыпты жұмыс істеуі үшін 12 жалпызауыттық шаруашылық жаңа объект салынды. Сонымен қатар, қолданыстағы өндірістік қуаттылықтар: бастапқы және терең мұнай өңдеу кешендері, сондай-ақ баяулатып кокстеу қондырғысы қайта құрылды. Барлық аталған іс-шаралар Кеден одағының техникалық регламенттерінің Кеден одағының Техникалық регламенті 013/2011 талаптарына сәйкес К-4 класты мотор отындары: дизель және АИ-92, 95 маркалы бензин өндірісін қамтамасыз етті.
Кәсіпорында жақсы дамыған жалпызауыттық шаруашылық: тауарлық-шикізат паркі, сұйытылған газ паркі, теміржол және автомобиль көлігі арқылы мұнай өнімдерін құю-қотру эстакадасы бар.
Зауыт белсенді әлеуметтік саясатты жүргізеді, жұмыскерлердің еңбек және тұрмысқа және сауықтыруға қажетті барлық жағдайларды жасалынады.
Бүгінгі күнгі ПМХЗ басымдылығы - К4, K5 экологиялық кластарына сәйкес келетін, елдің қажеттіліктері үшін қажетті көлемде мотор отындарын өндіруді қамтамасыз ету, зауыттың техникалық ресурсын ұлғайту, оны екі жылдық жөндеу циклына шығару және JetA халықаралық стандарты бойынша жаңа авиациялық отын шығару болып табылады.
Компаниядағы бос орындар
- Қызметкерлер құрамы1
-
5-разрядты кең бейінді станокшыЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.05.11.2026 | 373403 415 - 403 415 KZT
- Мансап басы, студенттер1
-
Экономист-логистик (уақытша)Еңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.06.11.2026 | 700580 812 - 580 812 KZT
- Өндіріс3
-
Инженер-энергетик (энергия үнемдеу) уақытшаЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.09.11.2026 | 327667 934 - 667 934 KZTЭкономист-логистик (уақытша)Еңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.06.11.2026 | 700580 812 - 580 812 KZTЖетекші коррозия инженеріЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.27.10.2026 | 1311768 124 - 768 124 KZT