Тасымалдау және логистика департаменті мұнай тасымалдау басқармасы өндірісінің сенімділігін басқару секторының жетекші маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
56

Қаралған саны:
1266

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білім:

  • Жоғары техникалық / экономикалық білім. Тиісті лауазым бейіні/ менеджмент/ экономика/ қаржы/МВА/ басқа (жақсырақ) бойынша магистр дәрежесінің болуы. 

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі:

  • Мұнай-газ компаниясында мұнай тасымалдау саласында кемінде 4 жыл  

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Мұнай-газ саласындағы қызметті регламенттейтін заңнама, ҚМГ еңбек заңнамасы және ішкі корпоративтік құжаттар және жетекшілік ететін ЕТҰ; 
  • Мұнайды құбыр арқылы тасымалдауды реттейтін нормативтік-техникалық құжаттар;  
  • Мұнай тасымалдау бойынша маркетинг және логистика саласында талдау жүргізу; 
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі мен ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында; 
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында; 
  • Сапа менеджменті, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған жүйесі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласында. 

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Басқару дағдылары; 
  • Келіссөздер мен презентациялар өткізу; 
  • Тәуекелдерді талдау және бағалау, SWOT-талдау, халықаралық мұнай нарықтарын талдау және бағалау; 
  • Қазақ және орыс тілдерін, ағылшын тілін меңгерген жөн. 

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

  • Компания басшылығына және мемлекеттік органдарға мұнай тасымалдау саласындағы нормативтік-құқықтық базаны дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады; 
  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламалардың орындалуын үйлестіруді, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі міндеттердің орындалу жоспарларының мониторингін, сондай-ақ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бюджеттерді қарауды және келісуді жүзеге асырады; 
  • Инфрақұрылымның сенімділігі мен механикалық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатты әзірлеу, инфрақұрылымның диагностикасы мен инспекцияларының мәртебесін мониторингілеу; мұнай құбырлары жүйелерінің тұтастығын қамтамасыз ету және тасымалдаудың берілген көлемдерін орындау мақсатында ТОР-ға іс-шараларды жоспарлау және қажеттіліктерді бағалау арқылы мұнай тасымалдаудың өндірістік объектілерін қауіпсіз пайдалану, өндірістік инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТОР) жөніндегі іс-шаралардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады; 
  • Тор бөлігінде өндірістік бағдарламаларды қарауды және келісуді жүзеге асырады 
  • Мұнай құбырлары жүйелерінің тұтастығын қамтамасыз ету және тасымалдаудың берілген көлемін орындау мақсатында ТОР-ға қажеттіліктерді бағалауды және іс-шараларды жоспарлауды жүзеге асырады.

Қосымша талаптар: 

  • Функционалдық саясат шеңберінде және мұнай өндіруші компаниялардың өндірістік жоспарлары негізінде мұнайды тасымалдаудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеу;
  • Қазақстандық мұнай экспорты үшін басым бағыттарды айқындау, бағыттар бойынша net-back көлік шығындары мен бағаларын есептеуді жүргізу;
  • Бағыттар бойынша мұнай тасымалдау көлемі бойынша есептілікті дайындау;
  • Халықаралық мұнай нарығындағы үрдістерді талдау, мұнайды тасымалдаудың жаңа бағыттарына қатысты ұсыныстарды зерделеу және әзірлеу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр