Электр берілісі желілері қызметінің инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
2454

   Конкурс туралы

Негізгі лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1) ӘЖ жұмыстарының материалдарын дайындауға қатысады (ақау актілері, жабдықтарды жөндеуге шығару кестелері);

           2) ШЖЭТФ құрылымдарына 1 санатты инженердің құзыретіне жататын техникалық құжаттар жөніндегі сұрақтарды ресімдеуге көмек көрсетеді;

         3) ӘЖ жабдықтарын жөндеу және пайдалану жөніндегі сұрақтардың шешімін дайындайды;

         4) жыл басынан бастап ай сайын және келесі айларды қосып қорытындылап бюджеттік жоспарлау коды бойынша жалпы және Қызметтің ішіндегі ШЖЭТФ ӘЖ жабдықтарын жөндеуге арналған шығын жоспарының  орындалуына талдау жасайды;

6) жұмыстарды, қызметтерді сатып алу шартын жүргізеді (жетекшілік ететін шарттар бойынша), шарт талаптарының орындалуын қадағалайды;

7) өзінің лауазымдық міндеттеріне қатысты ШЖЭТФ басшылығы үшін, Атқарушы дирекцияға (бұдан әрі - АД) ақпараттар дайындайды;

8) су тасқыны және жауын-шашын мерзіміндегі жұмыстарға дайындық жөніндегі, ТПҚ, ЭҚОҚ, ТҚҚ-нан ауытқуды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды;

9) Қызмет жетекшілік ететін тараулар бойынша жылдық есепке материалдарды дайындайды;

        10)  ШЖЭТФ құжаттаманы қамтамасыз етуды ұйымдастыру қағидасына сәйкес ЭБЖ қызметі бойынша ісқағаздарын жүргізеді.

Бос лауазымға қойылатын талаптар:

- Білім деңгейі – Жоғары немесе орта кәсіптік (техникалық) білім;

- Білім саласы Энергетикалық немесе техникалық білім.

 

Қосымша талаптар:

- Қажетті тәжірибе – Электр энергетика саласындағы кәсіби тәжірибе. Жоғары білімі бар болса еңбек өтілі талап талап етілмейді немесе орта кәсіптік (техникалық) білімі болса 3 жылдан кем емес.

Талап етілетін құзіреттілік және олардың деңгейі:

- электр қауіпсіздігі бойынша ІV топтан  кем емес болуы керек;

- әуе электр берілісі желілерінің (бұдан әрі - ӘЭБЖ) техникалық сипаттамасын, конструктивті ерекшеліктерін білуі керек;

- ӘЭБЖ монтаждау, реттеу, жөндеу және іске қосу әдістерін білуі керек;

- «KEGOC» АҚ Саясатын, Мақсаттарын, Бағдарламаларын, менеджменттің біріктірілген жүйесі (МБЖ) саласындағы  ШЖЭТФ Мақсаттарын және оларды іске асыруды қамтамасыз ету жолдарын білуі керек;

Түйіндемені қабылдау мерзімі 23.07.2021 ж. дейін.

Қажетті қабілеттер

  • - Ответственность, исполнительность, честность, коммуникабельность.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)