Жүк көтергіш механизмдер бойынша жетекші инженері
565000 - 565000 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымның функционалы:
- жүк көтергіш механизмдерді, кран астындағы жолдарды, алынбалы жүк қармағыш құрылғыларды, ыдыстарды, конвейерлерді қауіпсіз пайдалану және жарамды техникалық жағдайда ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
- жүк көтергіш механизмдерді техникалық куәландыруды ұйымдастыру және жүргізу;
- жүк көтергіш механизмдерді, кран астындағы жолдарды тексеру бойынша қызметтерді сатып алуға және қабылдауға байланысты құжаттарды ресімдеу және сүйемелдеу.
Біліктілік талаптары:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік/мұнай өңдеу/мұнай химия/химия/машина жасау/металлургия/энергетика, жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласындағы мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік/мұнай өңдеу/мұнай химия/химия/машина жасау/металлургия/энергетика/құрылыс саласындағы мемлекеттік қадағалау саласындағы мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес;
- ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.12.2024 ж. №359 бұйрығымен бекітілген Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын қоса алғанда, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқуды және білімін тексеруден өтуді растайтын құжаттың болуы.
Білімі мен дағдылары:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық, әдістемелік және нормативтік-техникалық құжаттарды білу;
- жүк көтергіш механизмдердің, кран асты жолдардың, алынбалы жүк қармағыш құрылғылардың, ыдыстардың, конвейерлердің құрылымын, құрылымдық ерекшеліктерін және қауіпсіз пайдалану тәртібін, олардың техникалық диагностикасы мен сынақтарын жүргізу тәртібін білу;
- мемлекеттік және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілін білу (құпталады);
- ДК сенімді пайдаланушысы (MS Office, Word, Excel, Windows, PowerPoint, 1C);
- нормативтік, техникалық және жобалау-сметалық құжаттаманы оқу және талдау дағдылары.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
Технологиялық қондырғылар операторы (көпір кранында жұмыс істеу құқығымен)
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар қ.
15.12.2025 | 627
Жалақы көрсетілмеген
Сметалық бөлімі бастығы
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар қ.
28.11.2025 | 1297
902000 - 902000 KZT