«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
Павлодар мұнайхимия зауыты («ПМХЗ» ЖШС) акциялардың 100% «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-на тиесілі, Қазақстанның солтүстік-шығысындағы мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ірі кәсіпорын және республиканың үш мұнай өңдеу зауытының бірі болып табылады.
Зауыт 1978 жылы пайдалануға берілді және Батыс Сібір кен орындарында мұнай шикізатын өңдеуге бағытталған. Кәсіпорын жылына 6.0 млн. тонна мұнай өндіру теңгерімді қуаттылыққа ие.
ПМХЗ мұнай өнімдерінің көптеген түрлерін шығарады.Олардың ішіндетүрлі маркалы автомобиль бензиндері,дизель отыны, мұнай отыны(мазут),, көмірсутекті сұйытылған газдар, вакуумдық газойль, техникалық күкірт, бірнеше сұрыпты битум (құрылыс, жол, жабындық), мұнай коксы.
Зауыт құрылымына мұнайды бастапқы өңдеу кешені (ЛК-6У), мұнай өнімдерін компандирлеу және тиеу кешені (МКТК),мұнайды терең өңдеу кешені (КТ-1 мазутты терең өңдеу,отын кешені), ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу кешені құрамында бірнеше: баяулатып кокстеу, мұнай коксін қыздыру, битум өндіру, күкірт өндіру,күкіртті түйіршіктеу қондырғысы кіреді. ПМХЗ сутектің өндірісі мен мұнай қоқырын қайта өңдеу қондырғысы, сондай-ақ ірі қосалқы бөлімшелер - сумен жабдықтау және кәріз цехы және орталық зауыт зертханасы (ОЗЗ жұмыс істейді.
Жаңғырту жобаның іске асыру нәтижесінде ПМХЗ екі жаңа қондырғылар кешені салынды: изомерлеу және нафтасплиттері кешені және күкірт өндіру қондырғылары кешені, сондай-ақ жаңа саынған және пайдалануға берілген қондырғылардың қалыпты жұмыс істеуі үшін 12 жалпызауыттық шаруашылық жаңа объект салынды. Сонымен қатар, қолданыстағы өндірістік қуаттылықтар: бастапқы және терең мұнай өңдеу кешендері, сондай-ақ баяулатып кокстеу қондырғысы қайта құрылды. Барлық аталған іс-шаралар Кеден одағының техникалық регламенттерінің Кеден одағының Техникалық регламенті 013/2011 талаптарына сәйкес К-4 класты мотор отындары: дизель және АИ-92, 95 маркалы бензин өндірісін қамтамасыз етті.
Кәсіпорында жақсы дамыған жалпызауыттық шаруашылық: тауарлық-шикізат паркі, сұйытылған газ паркі, теміржол және автомобиль көлігі арқылы мұнай өнімдерін құю-қотру эстакадасы бар.
Зауыт белсенді әлеуметтік саясатты жүргізеді, жұмыскерлердің еңбек және тұрмысқа және сауықтыруға қажетті барлық жағдайларды жасалынады.
Бүгінгі күнгі ПМХЗ басымдылығы - К4, K5 экологиялық кластарына сәйкес келетін, елдің қажеттіліктері үшін қажетті көлемде мотор отындарын өндіруді қамтамасыз ету, зауыттың техникалық ресурсын ұлғайту, оны екі жылдық жөндеу циклына шығару және JetA халықаралық стандарты бойынша жаңа авиациялық отын шығару болып табылады.
Компаниядағы бос орындар
- Бухгалтерия, басқарушылық есеп, мекеме қаржысы1
-
Бюджеттік және салықтық жоспарлау секторының жетекші экономист уақытшаЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.13.11.2026 | 933667 934 - 667 934 KZT
- Өндіріс5
-
Жобалау-сметалық жұмысы жөніндегі инженерЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.20.11.2026 | 202580 812 - 580 812 KZT3-4 разрядты технологиялық қондырғылар операторы уақытшаЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.19.11.2026 | 724376 972 - 454 352 KZTГеодезистЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.19.11.2026 | 227580 812 - 580 812 KZTЖетекші коррозия инженеріЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.27.10.2026 | 2289768 124 - 768 124 KZT4-6 разрядты аспапшысыЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.18.11.2026 | 415341 069 - 505 720 KZT