4-6 разрядты аспапшысы

341 069 - 505 720 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
410

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • жөндеу және қызмет көрсету, БӨАжәнеА жабдықтарының жаңа түрлерін зерделеу, ТҚК-1 кестелерін орындау, шаруашылық есептегі позицияларды, ТҚК-3 аспаптарын тексеру кестелерді тексеру;
  • БӨАжәнеА жабдықтарын пайдалану кезінде туындайтын қажетті техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау;
  • БӨАжәнеА құралдарына техникалық қызмет көрсету, баптау және жөндеу;
  • ақауларды жедел жою және технологиялық цехтардың өтінімдерін пысықтау;
  • техникалық және есептік құжаттаманы жүргізу, әртүрлі актілерді, хаттамаларды, есептерді, қызметтік жазбаларды жасау, IBM Maximo жүйесімен жұмыс істеу;
  • жаңа объектілерді пайдалануға беру кезінде іске қосу-реттеу жұмыстарына қатысу.

Біліктілік талаптары:

  • қызмет бейініне сәйкес мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), техникалық және кәсіптік білім;
  • жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім болған жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; техникалық және кәсіптік білім болған жағдайда жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс.

Білімі мен дағдылары:

  • БӨАжәнеА құралдарының жұмыс істеу, монтаждау және техникалық қызмет көрсету принциптерін білу: қысым, температура, деңгей, ағын датчиктері, реттеуші және бекіту арматурасы, электропневматикалық атқару тетіктері;
  • нормативтік құжаттаманы білу;
  • БӨАжәнеА жабдығының жұмысын реттеу және бақылау;
  • технологиялық объектілерді іске қосу жөндеу жұмыстарына және техникалық қайта жарақтандыруға қатысу тәжірибесі құпталады;
  • қазіргі заманғы өлшеу құралдарын диагностикалау және қызмет көрсету;
  • технологиялық схемалармен (P&ID), БӨАжәнеА электр және монтаждау схемаларымен оқу және жұмыс істеу дағдылары;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу құпталады;
  • Windows компьютерінің сенімді пайдаланушысы (MS Office); 1С, ЭҚЖ, (электрондық құжат айналымы жүйесі), Compas, AutoCAD, сондай-ақ IBM Maximo жүйесін білу құпталады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру