«KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалының Өндірістік-техникалық қызметінің қоршаған ортаны қорғау бойынша жетекші инженері
Негізгі лауазымдық міндеттер:
1) филиалдың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жұмысын ұйымдастырады, экологиялық менеджмент жүйесіне жауапты тұлға болып табылады; 2) филиал объектілері бойынша (жаңадан сатып алынатын жер учаскелерін беру үшін)жер учаскелерін (уақытша да, тұрақты пайдалануға да) бөлу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оған қатысады;
3) БМЖ даулар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кеңестерге, семинарларға материалдар дайындауға қатысады;
4) филиалдың ұңғымалары учаскелерінде жер асты суларының мониторингін жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;
5) бюджеттің бекітілген баптары бойынша белгіленген тәртіппен есептілікті дайындау және ұсыну жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
6) белгіленген тәртіппен бюджеттің бекітілген баптары бойынша сатып алуды жүзеге асыруға құжаттарды дайындауды жүзеге асырады;
7) бюджеттің бекітілген баптары бойынша жылдық жоспарларды қалыптастырады;
8) SAP бюджетаp бағдарламасында бекітілген бюджет баптары бойынша сатып алуға өтінімдер мен тапсырыстарды қалыптастырады;
9) уәкілетті органдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша статистикалық Паритет нысандарын ұсынады;
10) жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікке құжаттарды есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;
11) белгіленген тәртіппен Бөгде ұйымдардың жабдықтарына пайдалануға қызмет көрсету жөніндегі филиалдың шарттарын дайындауды, жасасуды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді (SAP ERP бағдарламасында белгіленген тәртіппен жүргізе отырып); 12) құрылымдық бөлімшенің жұмыс уақытын есепке алу табелін дайындауды жүзеге асырады.
Талаптар:
- Жоғары білім;
- Білім беру бейіні - техникалық / қоршаған ортаны қорғау;
- Қажетті жұмыс тәжірибесі – электр энергетикасы саласында/ өнеркәсіп кәсіпорындарында қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде 5 жыл, оның ішінде 1-санатты инженер лауазымында кемінде 2 жыл;
- Қазақ, орыс тілдерін білу.
Шарттары:
- ДС-ЖМ, 8:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін, сенбі-жексенбі – демалыс;
- Жұмыс орнына уақытында келу шартымен Қарағанды қаласында тұру міндетті.
Түйіндемені қабылдау 2025 жылдың 18 наурызына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар