Инфрақұрылымды басқару директоры
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
10.04.2025
- Берілген өтінім:
- 32
- Қаралған саны:
- 669
Міндеттері:
- Филиалдың келесі қызмет бағыттарын тікелей басқару;
- Қоғам қызметкерлерінің қанағаттану индексін атқарушы міндеттер шегінде қолдау;
- Аутсорсингтің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру;
- Акиматтармен, басқа мемлекеттік органдармен, құқық қорғау және сот органдарымен, оқу орындарымен, шаруашылық субъектілерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық және басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу;
- Атқарушылық және еңбек тәртібін бақылау;
- Филиалдың азаматтық құрылыс нысандарының құрылыс, реконструкция, ағымдағы және капитальды жөндеу нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылау;
- Жылжымайтын мүлік және жер учаскелерін рәсімдеу, тіркеу, сатып алу, шығару, жалға беру, заңнама талаптарына сәйкес мүліктің сақталуын, филиал мүлкін сақтандыру;
- Қоғамның дивизиондарының өтінімі бойынша үшінші тарап ұйымдарының және/немесе жеке тұлғалардың ғимараттарын және жер учаскелерін жалға алу;
- Жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық белгілейтін құжаттарын легализациялау және/немесе қалпына келтіру;
- Әкімшілік шығындар бойынша бюджеттен асыра жұмсалудың алдын алу;
- Келісімшарттар жасау, мәмілелер жүргізу, үшінші тарап ұйымдарымен немесе басқа заңды тұлғалармен операциялар жүргізу, берілген өкілеттіктер шегінде бұйрықтық құжаттарды шығару;
- Өнімдер мен қызметтердің сапасын басқару саласындағы қоғам саясатын жүзеге асыру;
- Өндірістік процестің барлық кезеңдерінде, соның ішінде шикізат, аралық және дайын өнімдерде сапаны бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
- Сапаны басқару жүйесінің тиімділігін арттыру;
- Сапа көрсеткіштерін есепке алу және талдау жүйесін құру және жүргізу, сондай-ақ оларды жақсарту бойынша ұсыныстар жасау;
- Структуралық бөлімшелердің ағымдағы қызметін басқару: Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану бөлімі; Жылжымайтын мүлікті басқару және жалға беру бөлімі; Сапа бақылау бөлімі.
- Мемлекеттік құпиялардың, қызметтік ақпараттың, коммерциялық және басқа заңмен қорғалатын құпиялардың сақталуы;
- Филиалдың мүліктік мүдделерін сот оргаларында және мемлекеттік органдарда қорғау;
Талаптар:
- Жоғары білім;
- Телекоммуникация саласында немесе мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Аналитикалық және ұйымдастырушылық дағдылар, бюджетпен жұмыс тәжірибесі (жоспарлау, талдау, бақылау);
- Көшбасшылық әлеует, коммуникабельділік, жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті, жауапкершілікті алу, эмоционалдық тұрақтылық, тәуекелдерді болжау, оларды басқару және конфликтілерді шешу қабілеті;
- Мемлекеттік тілдің, лауазымға қажетті көлемде білуі.
Шарттар:
- Қазақстан Республикасындағы ең ірі телекоммуникациялық компанияда жұмыс;
- Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Уақытында жалақы;
- Жақсы әлеуметтік пакет;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн;
- Еңбек демалысына материалдық көмек.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр