«KTZ Express» АҚ бухгалтерлік есеп және салықтық есеп департаменті бухгалтерлік есеп бойынша функционалдық бағытының бас менеджері (17 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
1015

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Бастапқы құжаттаманы енгізу – бухгалтерлік бастапқы құжаттарды рәсімдеу және тіркеу.
  • ФО-17 есептілігін қалыптастыру – тоқсандық есептілікті құрастыру және оның түсініктемелерімен бірге әзірлеу.
  • МСФО 9 бойынша резервтерді есептеу – күтілетін несиелік шығындарға арналған резервтерді есептеу және көрсету.
  • Ішкі топтық есеп айырысуларды тексеру – SAP BW жүйесінде дебиторлық және кредиторлық қарыздарды тексеру.
  • 1210 және 3510 шоттары бойынша ақпарат ұсыну – сатып алушылардан алынған аванстар мен ТДЗ туралы деректерді нақтылау.
  • Ішкі құжаттарды әзірлеу – ДБНУ бағытында бұйрықтар, өкімдер және басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу.
  • Ассоциирленген компаниялармен салыстыру – АС-1 салыстыру актілерін тексеру және қол қою.
  • 1210 және 3510 шоттарының мониторингі – 1С жүйесінде ЦА бойынша ТДЗ және алынған аванстарды ай сайын талдау.
  • Басшылықты тәуекелдер туралы хабардар ету – ИСМ қызметіне әсер етуі мүмкін жағдайлар туралы басшылыққа хабар беру.
  • Аудитті қолдау және шарттарды тексеру – аудиторларға қажетті деректерді ұсыну және шарттардың ҚР заңнамасына сәйкестігін бақылауф
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: есеп және аудит, қаржы
  • Жұмыс тәжірибесі: салалық бағыт бойынша кемінде 4 жыл жұмыс өтілі 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр