Экономикалық жоспарлау Департаментінің бас менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық модельдерді әзірлейді.
- Жобалардың қаржыландыру құрылымын модельдейді: қарыз қаражаттарының үлесін, қарыз құнын айқындайды, өтеу кестелерін қалыптастырады, ковенанттардың сақталуын бақылайды.
- Есептеулер мен зерттеулердің нәтижелері бойынша талдамалық жазбалар дайындайды.
- Басқарушылық есептілікті қалыптастырады (P&L, Cash Flow, CAPEX, OPEX, KPI).
- Бюджеттің орындалуын талдайды: кірістер, шығыстар, ЕҚҚ (ФОТ) және капиталдық салымдар.
- P&L бойынша жоспар–факт талдауын жүргізеді, ауытқулар мен әсер етуші факторларды анықтайды, түзетулер бойынша ұсыныстар әзірлейді.
- Болжамдар құрайды және жылдық бюджеттеу процесіне қатысады.
- Талдамалық есептерді, дашбордтарды қалыптастырады, презентациялық материалдар дайындайды.
- Басшылыққа, Бақылау кеңесіне және қажет болған жағдайда мемлекеттік органдарға қызметтік жазбалар, қорытындылар мен түсіндірме материалдар дайындайды.
Талаптар:
- Жоғары экономикалық/қаржылық/есеп/аудит немесе математикалық білім; магистр дәрежесі, MBA немесе менеджмент саласындағы қосымша білім болғаны жөн.
- ACCA/CIMA/CFA/DipIFR/PMP курстары немесе сертификаттарының болуы.
- Экономика, есеп және аудит, қаржы саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, соның ішінде басқарушылық есептілікке мамандану; энергетика саласындағы ұйымдарда, сондай-ақ Ұлттық әл-ауқат қоры құрамындағы құрылымдарда (активтерді басқару бойынша топ-20 ұйым) жұмыс тәжірибесі.
- Big4 компанияларында жұмыс тәжірибесі — артықшылық.
- Ұйымның қаржылық модельдерін құру, сараптау және талдау тәжірибесі.
- Стратегиялық, орта мерзімді және операциялық жоспарлау бойынша нормативтік құжаттама мен әдістемелерді әзірлеу тәжірибесі.
- Компанияның жылдық бюджетін қалыптастыру және мониторинг жүргізу тәжірибесі.
- Консолидирленген басқарушылық есептілікті қалыптастыру тәжірибесі.
- Ұзақ-, орта мерзімді және жылдық негізгі/процестік қызмет көрсеткіштерін әзірлеу, мониторинг жүргізу және орындау нәтижелерін талдау тәжірибесі.
- Қаржы-экономикалық блоктағы процестерді автоматтандыру тәжірибесі.
- КПД жүйесін құру және басқару принциптерін білу.
- Жылдық және орта мерзімді негізгі қызмет көрсеткіштерін теңгерімдеу принциптерін білу.
- Негізгі/процестік қызмет көрсеткіштерін ұйым құрылымы бойынша каскадтау принциптерін білу.
- ХҚЕС (МСФО) стандарттарын білу.
- Компанияның бизнес-жоспарлауын және жылдық бюджетін қалыптастыру дағдылары.
- Қызметті талдау және басқарушылық есептілік жүргізу дағдылары.
- Негізгі/процестік қызмет көрсеткіштерінің орындалу тиімділігін талдау дағдылары.
- КПД жүйесінің архитектурасын басқару дағдылары.
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кәсіби деңгейде, басқарушылық және іскерлік коммуникацияда еркін меңгеру.
Жұмыс шарттары:
- 5/2 жұмыс кестесі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)