"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Механизация және көлік цехының диспетчері, уакытша, негізгі жұмыскердің ауысуы мерзіміне

244100 - 244100 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
1014

   Конкурс туралы

Білім деңгейі

Орта техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім немесе орта білім, арнаулы бағдарлама бойынша оқыту

Мамандығы (диплом бойынша бағыты)

Техникалық ғылымдар мен технологиялар-Ақпараттық жүйелер, көлік, көлік техникасы мен технологиялары, электр энергетикасы

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

 

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

Автокөлікті пайдалану, автомобиль көлігіндегі қауіпсіздік техникасы саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, талаптарды, Цех өз қызметін жүзеге асыру кезінде қолданатын құжаттардың тізбесінде айқындалған көлемде өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу; автокөлікті пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында тиісті теориялық және практикалық даярлыққа ие болу.

Лицензиялар, сертификаттар

 

Қосымша талаптар

Пайдаланушы деңгейінде дербес компьютерді меңгеру, құжатайналымы жүйесі бойынша келіп түсетін ақпаратты мемлекеттік тілде, құжаттың мәнін және оның өз міндеттерін орындау үшін жеткілікті негізгі ережелерін түсіну деңгейінде қабылдау.

 

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

  • жол парақтарын беруді, қабылдауды және өңдеуді жүргізеді, автомобильдердің жүрісін және механизмдер сағаттарының жұмыс істеуін есепке алуды жүргізеді;
  • жол парақтарын ресімдеу мен тапсырудың дұрыстығын бақылайды.
  • жол парағындағы сапар мақсатын тұжырымдаудың жоспардан тыс шығуға арналған негіздеуші құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
  • Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің негіздеуші құжаттарды («KEGOC» АҚ АД қызметтік жазбаларын, хаттарын, бұйрықтары мен өкімдерін) ұсынуын ескере отырып, автокөлік пен арнайы машиналардың жоспардан тыс шығуына өтінімдер қабылдайды;
  • жол парағының маршруттан ауытқуына және рұқсатсыз шығуға жол бермеу үшін спутниктік бақылау жүйесі арқылы Филиалдың көлік құралдарының қозғалысын тексереді;
  • жүргізушілердің ауысым кестесін жасайды;
  • бекітілген бюджетке сәйкес жанар-жағармай материалдарын (бұдан әрі – ЖЖМ) пайдалану есебін жүргізеді;
  • Цех персоналының арнайы тамақтануға, санитарлық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған материалдарға өтінімдер жасайды және арнайы тамақпен (сүт), сабынмен (шаруашылық және дәретхана), ауыз сумен қамтамасыз ету есебін жүргізеді;
  • өз қызметі шегінде Цехтың техникалық құжаттамасын тиісінше жүргізеді;
  • отын карталарының қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.  Цехтың жанармай карталарын есепке алу журналын жүргізеді;
  • өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы дереу бастыққа хабарлайды;
  • бастықтың жеке біржолғы тапсырмаларын орындайды;

13) нақты жүрістерді GPS бағдарламасымен салыстырады;

14) Филиал бойынша ЖЖМ бойынша айлық есептерді қалыптастырады;

15) әрбір автомашинаны карточкаларға енгізе отырып, автошиналардың жүрістері бойынша есепке алуды жүргізеді;

16) Цех персоналының жылдық демалыс кестесін жасайды;

17) Цехтың іс қағаздарын жүргізеді, кіріс және шығыс құжаттарды тіркейді, оның сақталуын қамтамасыз етеді;

ЖЖМ есептен шығару актілері бойынша SAP бағдарламаларына деректерді енгізуді жүзеге асырады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)