Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар басқармасының жетекші маманы
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.Міндеттері:
1) «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жыл сайынғы медиажоспарын корпоративтік оқиғалар мен іс-шараларды ішкі коммуникациялық арналарында жариялау бөлігінде іске асыру;
2) компания басшылығының атынан үндеулер мен сөз сөйлеулер жазу (спичрайтинг);
3) баспасөз релиздерін даярлау;
4) бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуына жауаптар даярлау;
5) ішкі коммуникациялық арналар үшін материалдар ұйымдастыру және даярлау мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандарымен өзара әрекет ету;
6) Қоғам имиджін қолдауға және нығайтуға бағытталған ақпараттық-пікірсайыстар, (брифингтер, баспасөз конференциялар, дөңгелек үстелдер) және жарнамалық-имидждік іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
7) баспасыз турлар ұйымдастыру;
8) имидждік бейнероликтер мен фильмдер даярлау;
9) Қоғамның форумдар, көрмелер мен конференцияларға қатысуын ұйымдастыру;
10) экономика және мұнай-газ тақырыптамасы бойынша отандық және шетелдік БАҚ мониторингі;
11) басқарманың өзге жетекші маманы болмаған жағдайда, оның функционалдық міндеттерін орындау;
12) ішкі коммуникациялар бағыттары бойынша оған тікелей басшымен және компанияның ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Талаптар:
- PR /журналистика/ филология/педагогика (қазақ немесе орыс тілдерінде) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- кәсіби салада кемінде 3(үш) жыл жұмыс өтілі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар