«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Маңғыстау ЖТ бөлімшесі» филиалы Маңғыстау теміржол станциясы бастығының орынбасары (жедел жұмыс бойынша)

Жалақы көрсетілмеген
НОД-14 (Мангистауское отделение ГП) Маңғыстау а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
527

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдай отырып, поездар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізеді;
  • станция бастығының және 7.10.2004 ж. 561-о бұйрығына сәйкес басқа құрылымдық бөлімшелер өкілдерінің төрағалығымен комиссияның станцияда жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ құрылғыларын, байланыс пен электрмен жабдықтауды комиссиялық айлық тексерулерін ұйымдастыру;
  • тәуліктік мерзімде техникалық құралдардың жұмысы бұзылған әрбір жағдайды қарайды және техникалық құралдардың тұрақты жұмысы жөнінде шаралар қабылдау үшін тиісті құрылымдық бөлімшелерді хабардар етеді;
  • қоғамның жергілікті актілерінде көзделген тәртіппен станция жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
  • комиссиялық айлық тексеру кезінде анықталған ескертулерді жою бойынша бақылау тексерісі;
  • жедел тергеу жүргізуді, оқиғалар, қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша материалдарды ресімдеуді қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымдарында кемінде 2 жыл немесе станциялық/маневрлік диспетчер, 1-2 сыныптан тыс станция бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы