Өндірістік-техникалық департаменттің компрессорлық станциялар бөлімінің инженері

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
1957

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Оператордың келісім-шарт шарттарына сәйкес орындаған өндірістік бағдарламаның, жұмыс жоспарларының және басқа да іс-шаралардың орындалуын бақылау. Орындаған жұмыстардың / көрсетілген қызметтердің көлемін растау;
  • Компрессорлық станциялардың эксплуатациясына техникалық бақылау;
  • Эксплуатациялық құжаттаманы қарастыру, түзету, компрессорлық станцияларды іске қосу және пайдалануға беру бойынша техникалық шешімдер қабылдауға қатысу;
  • Компрессорлық станцияларда төтенше жағдайларды тергеуге қатысу;
  • Компрессорлық станциялардың жабдықтарын күтіп ұстау бойынша регламенттік жұмыстарды жүргізу үшін материалдық-техникалық, құрал-жабдықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді дайындау – эксплуатациялық құжаттама талаптарына сәйкес мерзімді түрде;
  • Эксплуатация ережелерінің, жетекші құжаттардың және авариясыз эксплуатацияны реттейтін басқа да нормативтік актілердің сақталуын бақылау.

Талаптар:

  • Жоғары техникалық білім;
  • Жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;
  • Кәсіби салада 2 жылдан кем емес;
  • Мұнай-газ саласында 1 жылдан кем емес;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңын, «Магистральды газ құбыры туралы» Заңын, «Азаматтық қорғау туралы» Заңын, «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңын, магистральды газ құбырларын эксплуатациялауға қатысты нормативтік құқықтық актілерді білу;
  • Магистральды газ құбырларын эксплуатациялауда жұмыс тәжірибесі;
  • Қарым-қатынас дағдылары, іскерлік хат алмасу, келіссөздер жүргізу және презентациялар дайындау дағдылары.

Шарттар:

  • Бес күндік жұмыс аптасы;
  • 12.30-дан 14.00-ге дейін 1 сағат 30 минуттық демалыс және тамақтану уақыты;
  • Әлеуметтік пакет;
  • 30 (отыз)  күнтізбелік күнге созылатын жыл сайынғы еңбек демалысы төленеді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)
  • Китайский (Бастапқы)