"KEGOC" АҚ "Шығыс ЖЭТ" филиалының Реле қорғанысы мен электравтоматикасы қызметінің РҚменЭ құрылғыларын пайдалану тобының РҚА инженері
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
- ШЖЭТФ мен аймақтағы нысандардың РҚА және АА құрылғыларын пайдалануға қатысты ұйымдастыру және техникалық мәселелерін шешеді;
- ШЖЭТФ мен аймақтағы нысандардың РҚА және АА құрылғыларын тексерудің жылдық кестесін орындайды;
- Басшылық бекіту және аймақтағы нысандардың орындауы үшін РҚА және АА құрылғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету шараларын әзірлейді;
- РҚА және АА құрылғыларының жұмысына талдау жасайды, бұзылуларды жөндеуге қатысты шараларды қабылдайды;
- РҚА және АА құрылғылары бойынша жабдықтар мен материалдарға тапсырыстарды құрастырады;
- РҚА және АА принципті-монтаждау сұлбаларын әзірлейді және тексереді;
- РҚА және АА құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулардың, қосалқы коммутациялардың принципті сұлбаларын тиісті жағдайда ұстайды;
- Электрқондырғыларда наряд бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыстың басшысының міндеттерін орындайды, бұл үшін электр қауіпсіздігі бойынша V біліктілік тобы болуы керек (Электрқондырғыларды пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес рұхсат беру тобын алу жүргізіледі);
- Қызметтегі медициналық қобдишаны жинайды;
10) Қызметтің аспаптарын есепке алуды, салыстырып тексеруді жүргізеді және оларды уақытында жөндеуге және салыстырып тексеруге өткізеді.
Талаптар:
|
Білім деңгейі: |
Жоғары білім немесе орта кәсіптік (техникалық) білім |
|
Диплом бойынша мамандығы (білім бағыты): |
Энергетикалық немесе техникалық білім |
|
Білім бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі |
Орта кәсіптік (техникалық) білімі бар мамандар алмастыратын лауазымда |
|
Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
Еңбек өтілі талап етілмейді немесе Орта кәсіптік (техникалық) білімі бар мамандар алмастыратын лауазымдарда кем дегенде 5 (бес) жыл |
|
Басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
Талап етілмейді |
Шарттары:
|
Міндеттерін атқаруға қажетті дағдылар |
- Филиалдың және аймақтағы РҚА мен апатқа қарсы автоматика (әрі қарай – АА) құрылғыларын пайдалануды білу; - кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау); |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
Талап етілмейді |
|
Қосымша талаптар
|
- мемлекеттік және / немесе орыс тілін білу. - WINDOWS операциялық жүйелері, офистік бағдарламалық қамтамасыз етулері (Microsoft Office Word, Microsoft Office Excel, Microsoft Office Outlook) бар тәжірибелі қызметкер; - интернет ресурстарын пайдалану дағдылары, офистік периферияларды (принтер, факс, сканер) пайдалана білу. |
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар