Негізгі маман өндірістік департаменттің кадрлар секторының жетекшісі (уақытша д/о кезеңінде)

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
884

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, жұмыстан шығару және ауыстыруды бақылауды жүзеге асырады;
  • Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, еңбек қызметімен байланысты өзгерістерді енгізеді;
  • Департаменттің персонал бойынша электрондық деректер базасына нақты ақпаратты енгізеді;
  • Департаменттің жеке құрамын, оның бөлімшелерін электрондық есепке алу тәртібімен есепке алады;
  • Департамент қызметкерлерінің аттестациясын ұйымдастырады, оның әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуін, аттестация нәтижелерін талдауға қатысады, аттестациялық комиссиялардың шешімдерін жүзеге асыру бойынша шараларды әзірлейді, қайта тексеруге жататын мамандардың тізімін анықтайды;
  • Табельдік есепті, командировкаларды есепке алуды, демалыс графиктерін құрастыру мен орындауды, кадрлардың айналымының себептерін талдауды ұйымдастырады;
  • Департаменттегі кадрлармен жұмыс жүргізуді және кадрларды даярлауды бақылауды жүзеге асырады;
  • Персоналды есепке алу және кадрлармен жұмыс жүргізу бойынша белгіленген есептілікті дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес қажетті құжаттарды дайындау және ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • «АлЭС» АҚ-ның «Зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің мамандықтар тізімі» бекітілген тізіміне сәйкес, міндетті кәсіби жарналарды аудару үшін жеке зейнетақы шотын ашады;
  • 1С «8.8 нұсқасы» бағдарламасына бастапқы деректерді енгізуді бақылауды жүзеге асырады. Қызметкердің жеке деректеріндегі өзгерістерге байланысты бағдарламаны уақтылы жаңартады. Енгізілген деректердің дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім
  • Аталған лауазымда жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес

Шарттар:

  • Жұмыс режимі дүйсенбі-жұма 08:00-17:00
  • төленетін демалыс
  • компания есебінен оқыту

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)