"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты "ҰК" АҚ Адами ресурстарды басқару департаменті функционалдық бағытының 1-деңгейдегі кадрлар жөніндегі маманы

415248 - 622872
АО «НК «Актауский морской торговый порт» Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
62

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, іссапарға жіберу, тәртіптік жаза қолдану, персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қолданыстағы заңнамаға, Басқарма Төрағасының (Президенттің) бұйрықтарына, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі персонал жөніндегі өзге де белгіленген құжаттамаға сәйкес уақытылы және дұрыс рәсімдейді;
  • құрылымдық бөлімше басшыларының өтінімдері бойынша қызметкерлердің қайта даярлауын және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
  • персоналды оқыту және біліктілігін арттыру бойынша шарттар жасасу үшін оқу орталықтарымен өзара әрекет жасайды, оқыту процесін ұйымдастырады және бақылайды, оқу шарттарын уақытылы және дұрыс рәсімдейді;
  • персоналға деген қажеттілікке жүргізілген талдау негізінде кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жылдық және ұзақ мерзімді жоспарлауды жүзеге асырады;
  • «НК «АМТП» АҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және іссапар шығындары бойынша смета әзірлейді, оларды Қоғамның Бюджеті мен Даму жоспарын әзірлеу және қалыптастыру шеңберінде енгізеді;
  • қоғамның персоналы жөніндегі деректер базасына қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы мен олардың қозғалысы туралы ақпаратты енгізеді, оның уақытылы жаңартылуын және толықтырылуын қадағалайды;
  • белгіленген мерзімдерде статистика органдарына, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға, Жалғыз акционерге адами ресурстарды басқару мәселелеріне қатысты мәліметтер мен есептерді жасайды және ұсынады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: құқықтану / экономика / менеджмент саласында.
  • Жұмыс тәжірибесі: адам ресурстарын басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр