«KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы Аймақтық диспетчерлік орталығының Режим жөніндегі тобтың 2-санатты инженері (негізгі еңбеккерді алмастыру кезеңіне)

от 351700 KZT
«KEGOC» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
78

   Конкурс туралы

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

  • көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясының Теңгерімдеуші нарығы жүйесіне берген өтінімдерінің көлемін алдын ала салыстырып тексеруді жүргізеді;
  •  бірыңғай сатып алушы есептеген Жаңартылатын электр энергиясы көздерінің үлесін ескере отырып, шартты тұтынушылардың өзектендірілген өтінімдерінің уақтылы берілуіне бақылау жүргізеді;
  • тәуліктік кестеге алдын ала техникалық сараптама жүргізеді, шекаралық шарттарды қалыптастырады (min-қажетті және max-энергия тораптары бойынша сатып алу генерациялаудың рұқсат етілген көлемі);
  • электр энергиясы импортының көлемін айқындау мақсатында техникалық сараптама жүргізеді; тәуліктік кестені ЖО ҰДО басшылығымен келіседі;
  • тәуліктік кестені Аймақтық диспетчерлік орталық басшылығымен келісіледі;
  • "Қазақстан БЭЖ жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері" бағдарламасының есебін жүргізеді;
  • электр энергиясының Теңгерімдеуші нарығы жүйесін пайдаланушыларға сүйемелдеуді жүргізеді
  • электр энергиясының Теңгерімдеуші нарығы жүйесі бойынша бағдарламалар кешенін өзектендіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
  • бекітілген тәуліктік кесте негізінде қалыптастырылатын ҚР Энергетика министрлігі, "Самұрық-Қазына" АҚ және "KEGOC" АҚ басшылығы үшін есепті ақпарат (талдау) дайындайды;
  • Аймақтық диспетчерлік орталықтың құзыретіне кіретін Филиал басшылығының өкімдерін орындайды.

Талаптары:

– Бағыты бойынша тиісті мамандық бойынша жоғары білім Техникалық ғылымдар және технологиялар/Электр энергетикасы/Жылу энергетикасы/Автоматтандыру және басқару; 
- Электр энергетикасы саласындағы санаты жоқ инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; 
- Сертификаттар: жетекшілік ететін қызмет мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн;
-  MS Office тәжірибелі қолданушысы.
- Қазақ, орыс, ағылшын (болғаны жақсы) тілдерін білу.

Шарттар:
Жұмыс орны: Атырау қаласы, М. Өтемісұлы көшесі, 110А
Түйіндемені тапсыру мерзімі 2026 жылғы 16-18 ақпан аралығында

Түйіндеме қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 16–18 ақпан аралығы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Бастапқы)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)