«KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының материалдық-техникалық жабдықтау және шаруашылық қызметінің орталық қойма меңгерушісі Шымкент қ.
Білім деңгейі: жоғары
Білім профилі: «Инженерия және инженерлік іс» бағыты бойынша
Кәсіби тәжірибе: материалдық-техникалық жабдықтау және шаруашылық қамтамасыз ету / қоймалық есеп саласында
Жұмыс өтілі: кемінде 3 жыл
Кәсіби сертификаттардың болуы: құпталады
Білуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері және басқа да қолданыстағы халықаралық құжаттар, ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етуіне арналған әдістемелік материалдар, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, ұйымның даму перспективалары, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді перспективалық және ағымдағы жоспарлау әдістері мен тәртібі, шикізаттың, материалдардың және басқа да материалдық ресурстардың өндірістік қорларының нормативтерін әзірлеу, ресурстарды үнемдеу бойынша жұмыстар жүргізу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен қойма шаруашылығын ұйымдастыру;
2) Жеткізушілермен Шарттарды жасау тәртібі және олардың орындалуын бақылау;
3) ұйымның бөлімшелеріне материалдарды беру бойынша құжаттаманы рәсімдеу, өнімнің сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттары, оларды әзірлеу әдістері мен тәртібі, көтерме және бөлшек сауда бағалары, тұтынылатын материалдардың номенклатурасы, технология негіздері, өндірісті, еңбекті пен басқаруды ұйымдастыру, жабдықтау және қойма операцияларын есепке алуды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарының орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі;
Дағдылар: SAP ERP, MetaDoc жүйесінде жұмыс істеу дағдылары; дербес компьютерде пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу дағдылары; құжат айналымы жүйесі арқылы келетін ақпаратты мемлекеттік тілде қабылдау қабілеті, құжаттың мәні мен оның негізгі ережелерін өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін жеткілікті деңгейде түсіну.
Негізгі лауазымдық міндеттер:
- қойманы ашу кезінде шатырдың, қабырғалардың, терезелердің, есіктердің, құлыптардың, пломбалардың және т.б. бүтіндігін тексеру; бұзу белгілері немесе ұрлық жасалды деген күдік анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау;
- өртке қарсы құрылғылардың жарамдылығын бақылау; қойма аумағында өрт туындаған жағдайда мүлікті сақтап қалу үшін шаралар қабылдау;
- қойма аумағында темекі шегуге жол бермеу, қойманың уақтылы тазалануын қадағалау;
- таразы шаруашылығы мен жүк көтергіш механизмдердің дұрыс жұмыс істеуін бақылау, таразыларды тексеруге және жүк көтергіш механизмдерді жөндеуге уақтылы өтінімдер беру;
- материалдарды қаптамадан шығару кезінде ыдыстың қайта пайдалануға жарамды болуын бақылау;
- материалдарды сорттары, маркалары, профилі мен өлшемдері бойынша орналастыру, тиісті жапсырмалар ілу және апаттық қорларды сақтау орындарын сәйкестендіру тақтайшаларымен қамтамасыз ету, араласып кетуіне жол бермеу;
- материалдарды тек тиісті түрде рәсімделген құжаттар болған жағдайда ғана беру;
- материалдардың сандық есебін жүргізу, бастапқы құжаттарды рәсімдеудің ережелерін қатаң сақтау;
- түгендеуді күтпей, материалдардың нақты қалдықтарын картотека деректерімен іріктеп салыстыру;
- жүк тиеушілердің жұмысын ұйымдастыру, олардың еңбек және орындаушылық тәртібін, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылау;
- тиеу-түсіру жұмыстарын қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып ұйымдастыру, қойма объектілерін қорғауды және Орталық қойма аумағында мердігер ұйымдардың жұмысын бақылау;
- мүліктің, жабдықтардың, құрал-саймандардың және ыдыстың ұтымды пайдаланылуына жауап беру;
- стеллаждар мен басқа да жабдықтарды дұрыс орналастыру, оларды барынша тиімді пайдалану, материалдарды стеллаждарға және үйінділерге ұтымды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу;
- өрт және күзет сигнализациясының жағдайын бақылау;
- қоймадағы өрт қауіпсіздігіне жауап беру, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы мен жағдайын бақылау;
- қойма жұмысына басшылық жасау (тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату), қойма алаңдарын ұтымды пайдалану және қажетті ТМҚ-ны іздеуді жеңілдету мақсатында орналастыру;
- қойма шаруашылығы жұмысының тиімділігін арттыру, ТМҚ тасымалдау мен сақтау шығындарын қысқарту, қойма шаруашылығын ұйымдастыруға заманауи есептеу техникасы, байланыс және коммуникация құралдарын енгізу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- «ҚТ күні» іс-шараларына қатысу және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардың орындалуын қамтамасыз ету;
- жұмыс аяқталғаннан кейін қойманы жеке өзі жауып, пломбалап, күзет қызметіне тапсыру;
- кедендік жүктерді рәсімдеу, тазарту және түсіруді ұйымдастыру, вагондардың бос тұрып қалуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізу, материалдық құндылықтарды қабылдап алу;
- тауар-материалдық және басқа да құндылықтардың қозғалысына қатысты құжаттарды дайындау және ұсыну;
- кәсіпорынға келіп түсетін материалдық ресурстардың сандық және сапалық бақылауын қамтамасыз ету, оларды сақтауды ұйымдастыру, өндірістік қажеттіліктер үшін уақтылы беруді қамтамасыз ету;
- тауар-материалдық қорлардың сақталуын және қоймалық есебін қамтамасыз ету;
- филиалдар арасында жүктерді тасымалдауды АД өкімдері мен тапсырмаларына сәйкес ұйымдастыру;
- барлық қор түрлері бойынша ТМҚ қозғалысын бақылау;
- тиімді қоймалау жүйесін ұйымдастыру, оның ішінде ТМҚ-ны қоймалау және сақтау жөніндегі нұсқаулықты (И KEGOC 00-305-13-ПР) ескере отырып, қойма қорларын оңтайлы жүргізу және орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу, нормативтік қажеттілікті есептеу және қоймаларды шағын механизация құралдарымен қамтамасыз ету;
- қорларды жеткізудің оңтайлы схемасын қамтамасыз ету, соның ішінде қоймалардың орналасуын көрсететін географиялық карталарды әзірлеу, тарату орталықтарынан жеткізу орнына дейін ТМҚ жеткізудің ең тиімді маршруттарын әзірлеу, көлік шығындарын барынша азайту және қолда бар көлік құралдарын ескеру.
Түйіндемені қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 18 наурызды қоса алғанда.
Қажетті қабілеттер
- - навыки проведения инвентаризации на складе;
- знание правил укладки, крепления, укрытия грузов на складе и транспортных средствах
- Автоматизация склада
- Ведение учета складских операций
- заведующий складом
- Ведение складского хозяйства
- знание правил приемки и оформления товаров, поступающих на склад
- ведение складского учёта и документооборота ТМЦ
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)