Энергетика тобының жетекші инженері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
138

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Атом электр станцияларының (АЭС) тарату құрылғыларының электр сұлбалары, электр жабдықтары мен коммутациялық аппараттары бойынша жобалау алдындағы және жобалық құжаттамаларға бастапқы деректерді дайындауды қамтамасыз етеді; қолданыстағы нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес электр жабдықтары мен коммутациялық аппараттарды таңдауды жүзеге асырады;
  • Энергетика басқармасының ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге АЭС-ті жобалау, салу және одан әрі пайдалану бөлігінде қатысады;
  • Қызмет бағыты бойынша АЭС құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тапсырмаларға ұсыныстар дайындау жұмыстарына қатысады;
  • Қызметтік міндеттері шеңберінде есепке алу және есептілік жүргізуді ұйымдастырады;
  • Қажетті анықтамалар, талдамалық материалдар, баяндамалар мен презентациялар дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Қызмет бағыты бойынша заңнама мен нормативтік құжаттардағы өзгерістерді қадағалайды;
  • Серіктестіктің халықаралық ынтымақтастығы бойынша талдамалық материалдарды бағалайды және электр энергетикасы мен энергетикалық технологиялар саласында оны дамытуға ұсыныстар дайындайды;
  • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, энергетика саласындағы қызмет бағыты бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарына қатысады.

Талаптар:

  • Энергетика және/немесе инженерия (электр энергетикасы) бағыты бойынша жоғары кәсіби білім;
  • Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында семинарлар/курстарды аяқтағаны туралы сертификаттың болғаны жөн;
  • Квазимемлекеттік секторда, мемлекеттік басқару органдарында немесе энергетикалық/атом саласындағы ұйымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ресми хаттар, меморандумдар, анықтамалар мен презентациялар дайындау дағдылары;
  • Көшбасшылық қасиеттер, бастамашылдық, шешім қабылдай білу және жауапкершілік.

Жұмыс шарттары:

5/2 жұмыс кестесі.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)