Сатуларды басқару департаментінің директоры

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
35

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  1. B2B/B2G сегменттерінде сатуларды басқару, соның ішінде сату арналарының дамуы мен әртараптандырылуын қамтамасыз ету, сату воронкасын басқару және клиенттік жолдың барлық кезеңдерінде конверсияны арттыру.
  2. Нарықтық трендтерді талдау негізінде, цифрлық трансформацияны және компанияның негізгі бизнес-көрсеткіштеріне қол жеткізуді ескере отырып, B2B/B2G сегменттерінде сату стратегиясын қалыптастыру және іске асырылуын қамтамасыз ету.
  3. Департаменттің ережесіне сәйкес оның міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік-регламенттік құжаттаманы әзірлеуді және өзектендіруді үйлестіру.
  4. B2B/B2G сегменттеріндегі сату бағыты бойынша бэклог міндеттері үшін бизнес-талаптарды қалыптастыруды және оларды IT жүйелерінде іске асыру үшін үйлестіру.
  5. B2B/B2G сегменттеріндегі оффлайн сату процестері бойынша есептілікті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
  6. B2B/B2G сегменттерінде сату әдіснамасының өзектілігін сақтау және басқару бойынша бақылауды жүзеге асыру.
  7. Ақпараттық жүйелердің тиімділігін арттыру және жетілдіру бөлігінде оффлайн сату процестерін қамтамасыз ету бойынша бизнес-талаптарды әзірлеуге қатысу және ұсыныстар беруді үйлестіру.
  8. B2B/B2G сегменттерінде оффлайн сату бизнес-процестерін іске асыру кезінде құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылын үйлестіру.
  9. Мемлекеттік сатып алуларға қатысу әдіснамасы мәселелерін үйлестіру.
  10. Маусымдылық пен өткен кезеңдердің динамикасын талдау негізінде сату жоспарын болжауды ұйымдастыру.
  11. B2B және B2G сегменттері бойынша сату блогының құрылымдық бөлімшелерінің сату жоспарларын бекітуді бақылау.
  12. B2B және B2G сегменттері бойынша сату блогы қызметкерлерінің мотивациялық бағдарламалары мәселелері бойынша қоғамның бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.
  13. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес B2B/B2G сегменттеріндегі сату бағыты бойынша бонустарды есептеудің дұрыстығы мен уақтылығын бақылау.
  14. Қажет болған жағдайда B2B/B2G сегменттеріндегі сату бағыты қызметкерлерінің мотивациялық бағдарламаларының тиімділігін мониторингтеу.
  15. Департаменттің жауапкершілік аймағында түзету және/немесе алдын алу іс-шаралары жоспарын іске асыру, сондай-ақ сәйкессіздіктердің себептерін болдырмау және жою бойынша шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысу.

Талаптар:

  • жоғары экономикалық немесе техникалық білім, телекоммуникациялар және сату саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр