ЦППР аппаратшысы

«Семізбай-U» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
50

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Лауазымдық нұсқаулықта және еңбек шартында көзделген функционалдық міндеттерді тиісінше орындау, оның ішінде ішкі нормативтік құжаттарда және ҚР заңнамасында айқындалған шектерде кәсіби және іскерлік этиканы сақтау; • Ақпаратты дұрыс және уақтылы ұсыну; • Тиісті деңгейдегі басшыны құрылымдық бөлімшенің әлеуетті немесе анықталған тәуекелдері (операциялық проблемалар, рәсімдердің бұзылуы немесе теріс пайдаланулар) туралы уақтылы хабардар ету; • Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау; • Қазақстан Республикасы заңнамасының және Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау; • Қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттың құпиялылығы туралы талаптарды сақтау; • Өндірістік қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау; • Қолданыстағы еңбек және азаматтық заңнамада белгіленген шектерде материалдық залал келтіргені үшін жауапкершілік алу.

Білім:

Орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік)

Дағдылар:

• өндірістік-техникалық оқыту мектептерінің бағдарламасы шегінде химия, физика негіздері; • иондаушы сәулеленудің қасиеттері және олардың ортамен өзара іс-қимылы, сондай-ақ радиоактивті сәулеленудің адам организміне әсері; • технологиялық регламент, өндірістік қуаттар, шығарылатын өнімнің номенклатурасы және орындалатын жұмыстардың түрлері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы, техникалық сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері, процестің аппаратуралық-технологиялық схемасы, бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика және сигнализация құралдары, технологиялық операциялардың химиялық реакциялары, режимдік карталар, сызбаларды оқу ережелері; • технологиялық процестердің нормалардан ауытқуына әсер ететін факторлар; • технологиялық процеске ортаның сутегі көрсеткішінің мәні мен әсері; • металдарды барынша шығаруды қамтамасыз ететін процестерді жүргізу әдістері; • шикізат пен материалдардың, қолданылатын құрылғылардың өндірістік шығындарының алдын алу және қысқарту тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықта бекіту арматурасының мақсаты мен орналасуы; • реагенттердің шығын нормалары; • реагенттердің, шығарылатын өнімдердің құрамы мен сапасына қойылатын талаптар, сондай-ақ олармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері; • шикізат пен материалдардың сорттары мен маркалары; • жүк көтергіш механизмдермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіз пайдалану ережелері; • қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану қағидалары, өндірістік қалдықтарды сұрыптау қағидаттары. Дағдылар: • жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану; • қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану; • технологиялық сынамаларды қолмен іріктеу; • қолданылатын шикізат пен материалдарды қабылдау және жинау, жүктерді ілмектеу; • дезактивациялайтын ерітінділерді және қажетті концентрациядағы реагенттердің ерітінділерін дайындау

Қосымша:

Міндетті: • техникалық ғылымдарды білу, техникалық ойлау, аналитикалық қабілеттер. • қазақ немесе орыс тілдерін еркін меңгеру. • белгіленген нормалар шегінде химиялық реагенттердің шығынын қайта есептеуді және уақтылы реттеуді жүргізу; • ОДП-дағы бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша параметрлерді реттеу; • жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру

Білетін тілдер:

қазақ немесе орыс тілдерін еркін меңгеру.