Лауазымдық жауапкершілік:
- Қор тобының компаниялармен топ ішіндегі айналымдар бөлігінде қоғамның шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігінің нысандарын және тәуекелдер бойынша нысандарын жасау;
- Қолданыстағы заңнамаға, корпоративтік есеп саясатына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес Қоғамның қаржылық жағдайы туралы шынайы ақпаратты қамтамасыз ету және ұсыну мақсатында есеп жүйесінен SAP жүйесіне деректерді жүктеу;
- Шоғырландыру үшін еншілес және тәуелді ұйымдардан ұсынылған ақпаратты тоқсан сайынғы негізде тексеру, оның ішінде SAP Financial Consolidation (SAP FC) бағдарламасында;
- Қоғамның жеке қаржылық есептілігінің, сондай-ақ ХҚЕС сәйкес қоғамның жеке қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаның жасалуын бақылауды жүзеге асыру;
- SAP Business Objects - Planning and Consolidation жүйесіне тоқсан сайынғы деректерді жүктеу;
- SAP BO - Planning and Consolidation-да қоғамның шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарын тексеру.
- Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және қаржылық есептілікті дайындау мәселелері бойынша еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- Қоғамның шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігін қазақ тіліне аударуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- Қоғамның Корпоративтік есеп саясатын әзірлеуге қатысу және оған ХҚЕС, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамасы мен Қоғам қызметіндегі өзгерістерден туындайтын өзгерістер, толықтырулар енгізу;
- Тәуелсіз аудитордың (сыртқы аудитордың) қоғамның шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігіне аудит жүргізуді ұйымдастыруға қатысуы;
- Бухгалтерлік есеп аймағы бойынша шоғырландыру процесін автоматтандыруға қатысу;
- Еншілес және тәуелді ұйымдардың басқару органдарының еншілес және тәуелді ұйымдардың қаржылық есептіліктерін бекіту мәселелері жөніндегі материалдарды қарастыру.
- Қаржылық есеп беру бөлімінің құзыреті шегінде Қоғамның Бас бухгалтері мен Қоғам басшылығының басқа да бұйрықтарын орындау.
- Мүдделі тұлғалардың атына шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынуға қатысу.Білім:
Жоғары білім: Бухгалтерлік есеп және аудит / Экономика / ҚаржыДағдылар:
- SAP ERP, SAP FC бағдарламасындағы жұмыс дағдылары;
- Iскерлік хат алмасу дағдылары;
- Ағылшын тілін білу;
- ХҚЕС бойынша білім;
- Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын ұйымдарды шоғырландыру қағидаттарын білу;
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, азаматтық заңнаманың негіздерін, бухгалтерлік есеп жөніндегі нормативтік-әдістемелік құжаттарды, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы нұсқаулықтарды, ережелерді білу;
- SAP Business Planning and Consolidation және SAP Financial Consolidation бағдарламаларында жұмыс тәжірибесі.Қосымша:
- автоматтандырылған бухгалтерлік процестерді енгізу тәжірибесі.
- Big4/халықаралық компаниясында жұмыс тәжірибесі;
- магистр дәрежесінің болуы;
- «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері» сертификатының болуы;
- Халықаралық қаржылық есептілік бойынша АССА F7 сертификатының немесе ДипИФР-рус сертификатының болуы;
- ACCA дипломының болуы.Білетін тілдер:
Орыс және ағылшын тілдерін жетік білу. Қазақ тілі қолайлы.