«БАЙКЕН-U»
2.8

Оценка компании соискателями

53%

Кәсібилілік

57%

Сыпайылық

57%

Кері байланыстың жылдамдығы

56%

Тартымдылық индексі

«БАЙКЕН-U»

«Байкен-U» ЖШС 2006 жылдың наурызында «Қазатомпром «ҰАК» 100% қатысу үлесімен  құрылды және «2010 жылға 1500 тонна» салалық бағдарламасы аясында барлау, өндіру, уран шикізатын қайта өңдеу және іске асыру саласындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты  дамытуға бағытталды.

Кейінірек «Байкен-U» ЖШС құрылтайшылар құрамының өзгеруіне байланысты қайта тіркелді. Кәсіпорында Қазатомпром және «Energy Asia Limited» жапон энергетикалық компаниялар консорциумының үлестері бар, 95 % қатысу «Energy Asia Limited» жапон консорциумына тиесілі, ал 5%  «Қазатомөнеркәсіп « ҰАК» АҚ өз меншігінде қалады.

«Байкен-U» ЖШС табиғи уран өндіруді Қызылорда облысы Солтүстік Хорасан кен орнының Харасан-2 учаскесінде жүзеге асырады. Ол жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) әдісімен уранды өңдеу бойынша ең терең кен орны.

«Байкен-U» ЖШС қызметі ПСВ әдістемесі бойынша уран шығарып алу кезінде экономикалық, технологиялық параметрлерді зерттеу және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді сондай-ақ өндіруді, сақтауды, тасымалдауды және құрамында уран бар кендерді қайта өңдеуді, тауарлық өнімді іске асыруды, инвестициялық қызметті қамтиды. Қызметтің барлық түрлері қазақстандық заңнаманың барлық экологиялық нормаларына және талаптарына сәйкес жүргізілуде. Кәсіпорында қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын ең экологиялық қауіпсіз және озық технологиялар  қолданылады.

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар