«Бұқтырма СЭС» АҚ
«Бұқтырма СЭС» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлікті басқару комитетінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 1053 «Бұқтырма СЭС» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысымен қайта ұйымдастырылған «Алтайэнерго» акционерлік қоғамынан бөлініп, құрылды..
Қоғам қызметінің негізгі мақсаты табыс алу және оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлер мен Қоғамның мүдделеріне пайдалану болып табылады. 1997 жылдан бастап мүліктік кешен 1997 жылғы 26 маусымдағы No 4 шарт негізінде «Казцинк» ЖШС-нен жалға алынған.
«Бұқтырма СЭС» АҚ – «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы, оның 100% дауыс беретін жай акциялары бар.
Қоғамның органдары:
жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы;
басқару органы – директорлар кеңесі;
атқарушы орган – директор.