«Бірінші жел электр станциясы »ЖШС
«Самрук-Энерго» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі айқындаған «жасыл» энергетиканы дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыра отырып, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды дамытуға кірісті.
Жел энергетикасы жобаларын іске асыру мақсатында 2011 жылғы 27 маусымда «Бірінші жел электр станциясы» (БЖЭС) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Серіктестіктің негізгі қызмет бағыты – жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру, оның ішінде жел электр станцияларын салу, пайдалану және дамыту.
«БЖЭС» ЖШС «Самрук-Энерго» компаниялар тобының құрамына кіреді және Қазақстандағы жел энергетикасын дамытуға үлес қосып, экологиялық таза электр энергиясын өндіру үлесін арттыруға, қоршаған ортаға әсерді төмендетуге және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.