«У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электростанциясы» АҚ
4.6

Оценка компании соискателями

88%

Кәсібилілік

98%

Сыпайылық

90%

Кері байланыстың жылдамдығы

88%

Тартымдылық индексі

«У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электростанциясы» АҚ

СЭС-тің жобалық қуаты — 300 МВт, орташа жылдық өндіру — 1,027 млрд кВт·сағ. СЭС ғимаратында белгіленген қысымы 522 метр мөлшерінде жұмыс істейтін, және әрқайсысының қуаты 150 МВт болатын 2 шөміш су агрегаты орнатылды. Турбиналардың өндірушісі – австриялық Andritz фирмасы, генератордың өндірушісі – Қытайдағы Харбин электр машиналар зауыты.

СЭС бөгеті Шарын өзеніндегі Бестөбе су қоймасын қамтиды, сумен толтыру көлемі шамамен 10 км шаршы құрайды, су қоймасының ұзындығы – шамамен 16 км, ені – 0,5 км-ге дейін, су қоймасының толық сыйымдылығы – 238 млн.м3, пайдалы сыйымдылығы – 198 млн. м3. Болашақта СЭС-тен төмен аумақта Мойнақ СЭС-інің контр реттеушісі болып табылатын СЭС-і бар тағы бір су қоймасын салу жоспарланып отыр. .

  • СЭС бөгеттік-деривациялық сызба бойынша жобаланды. СЭС құрылғыларының құрамы:
  • биіктігі 94 м болатын тасты-үйілген бөгет;
  • ұзындығы шамамен 9 км деривациялық туннель;
  • су жіберу құрылғылары;

«Мойнақ СЭС» АҚ станциясын салушылар – «Самұрық-Энерго» АҚ және «Бірлік» АК» АҚ. Маңызды стратегиялық мәні  бар мемлекеттік сатып алулар туралы 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1368 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес станцияның жобалаушысы және деривациялық туннель мен СЭС ғимаратын салу бойынша жұмыстардың ұйымдастырушысы – Қытай Халықаралық у шаруашылығы және энергетика Корпорациясы болып табылады.

Құрылыс жобасын қаржыландыру Қазақстан Даму банкінен (50 млн.$) және Қытай Даму банкінен (200 млн.$, келісім 2006 жылғы маусымда жасалды) алынған кредиттер есебінен жүзеге асырылды. Қарыздың жалпы көлемі 328,8 млн. АҚШ долларына бағаланады, СЭС-ті салу құны 340 8 млн. АҚШ долларға бағаланады.

16.06.2014ж. «Бірлік» акционерлік компания» АҚ мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында «Мойнақ СЭС» АҚ жай акцияларының 49%-ын сатып алу-сату шартына қол қойылды.

Осылайша, «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-ның 30.06.2014ж. «Мойнақ ГЭС» АҚ акцияларын шығынға жазу/есептеуге қатысты бұйрықтарды (шартқа қатысушы тараптардың) орындауының нәтижесінде «Самұрық-Энерго» АҚ «Мойнақ ГЭС» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар